Авторизация
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Государственное учреждение "Отдел образования города Костаная" управления образования акимата Костанайской области
AA+

Қостанай қаласының білім бөлімі 2021 жылы 15 мамырда 5-11 сынып оқушылары арасында «Ұлы дала мұрасы» өлкетану жобасы басталғанын хабарлайды. Жоба мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Sanaly Urpaq – 2050» ҚҚ бірлесіп жүзеге асырылуда.

Ереже бойынша бірінші кезеңде қатысушылар Қостанай облысының көрікті жерлерін насихаттауға, ішкі туризм үшін өңірдің тартымдылығын ашуға бағытталған жарнамалық бейнеролик түсіріп, оны Instagram-дағы өз парақшасына орналастыруы қажет. Бұл жағдайда @sanaly_urpaq2050 белгілеп, #ulydalamurasy10 хэштегін қосуды ұмытпаңыз. Ең көп «ұнайды» және пікір алған 15 ролик жартылай финалға өтеді.

Екінші кезеңде жартылай финалистер туристерге өңірдің қызықты киелі, табиғи, шаруашылық нысандарын көрсету үшін арнайы экскурсиялық маршрут әзірлейді.

Үздік 5 экскурсиялық бағыттың авторлары жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанады және әзірленген бағыттардың біріне сапар шегеді.

Оқушыларды жобаға белсенді қатысуға және өңірдің киелі нысандарының біріне қызықты саяхат жасауға шақырамыз. Естеріңізге сала кетейік, бірінші кезең 2021 жылдың 15 маусымына дейін жалғасады.

1м