2021 жылғы 26 сәуірде Қостанай қаласының №4 жалпы білім беретін мектебінде өскелең ұрпақты Отанға деген құрмет пен сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу, азаматтық-патриоттық қасиеттерді қалыптастыру мақсатында жыл сайынғы «5-сынып оқушыларын «Следопыты-2021» қатарына қабылдау» іс-шарасы өтті. Іс-шараға мектеп директорынан, мұғалімдерінен және оқушыларынан басқа қонақтар қатысты.
Дәстүрлі түрде оқушыларды із кесушілер қатарына қабылдау мектеп Әскери Даңқ мұражайының базасында өтті. Сондай-ақ, іс-шара аясында балалар үшін мектеп мұражайы бойынша экскурсия жүргізілді, оның барысында олар мұражай жұмысының қызметімен, оның бағыттарымен танысты.