Авторизация
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Государственное учреждение "Отдел образования города Костаная" управления образования акимата Костанайской области
AA+

Наурыз мейрамын мерекелеу тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Қазақстан жерінде бейбітшілік пен достықты нығайту, ұлттық бірегейлікті сақтау, балалар шығармашылығы мектебінде Отбасылық құндылықтарды дәріптеу мақсатында а. ж. 15-19 наурыз аралығында студия тәрбиеленушілері мен педагогтар арасында жалпымектептік тәрбие іс-шаралары болып  өтті:

-Құттықтау күні - Көрісу күні - іс-шара «Bastańgy»;

-Табиғат күні-Жайлау күні-«Jańarý men Jańġyrý»-бөлме өсімдіктерін отырғызу бойынша жалпы мектептік акция және челлендж;

-Еске алу және баталар күні–Шежіре күні– «AtaSalt»-мастер-класс;

-Тарих күні-Тарихқа тағзым күні- «Bir shańyraq astynda»-танымдық сакбақ;

-Игі істер күні- «Asar» би флешмобы;

–Спорт күні - Шымырлық күні-«Asyqnama»- көңілді бастау.

-Даналық және білім күні –Зияткерлік күні- «Adaldy al alany»-зияткерлік ойыны;

–Ұлттық тағамдар күні -«Baýyrsak-patí»-тақырыптық тапсырмалар және дидактикалық ойындар;

-Ұлыстың ұлы күні – «Kóktemdi balalarġa syílaíyq» ата-аналардан жәрмеңке-облыстық акция;

-Құрмет күні–Жоралғы күні-«Armysyń kóktem-áz Naýryz» театрландырылған қойылым.

Жалпы алғанда, Наурыз мерекесі аясында өткізілген іс-шараларға 2000-нан астам адам қатысты.

 Онкүндікті өткізу бойынша барлық ақпарат балалар шығармашылығы мектебінің әлеуметтік желілерінің ресми беттерінде орналастырылады.

Сілтемелер:

1м2м3м4м