Жаңалықтар
«Қостанай қаласының білім бөлімі» ММ-нің жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылғы 21 желтоқсанында Дружба жалпы білім беретін мектебінің ғимаратында педагогикалық іс-тәжірибе алмасу мақсатында, жас мамандарға арналған «Ізденімпаз ұстаз-жаңалықтың жаршысы» Қазақ тілі сабағында геймификация арқылы оқушылардың тілге деген қызығушылығын қалыптастыру атты Коучинг өткізілді.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің Әдістемелік бірлестік жұмысы жөнінде ӘБ жетекшісі Д.Т.Агитаева мәлімдеме жасаса, «Қазақ тілі сабағында геймификация арқылы оқушылардың тілге деген қызығушылығын қалыптастыру» тақырыбында коучингтың теориялық бөлімінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Д.С.Сулейменова баяндама жасады.
Жас мамандарға сабақ барысында геймификация қолдану арқылы, түрлі қосымшалардың көмегімен («Tarsia maker» , « ru.piliapp.com», «Wordwall», «Kahoot») сабақты тартымды, қызықты өткізудің әдістерін ұсынды.
Сәл өткен жылдарға шегініс жасар болсақ, 2020 жылы ашылған мемлекеттік тілде оқылатын сыныптарының оқушылары мен мұғалімдерінің үлесі зор болып, биылдың өзіңде мектебімізге алпыс оқушы қабылданып, төрт жүзге жуықтап қалды,- дейді мектеп басшысы Мадина Назарқызы.
Өнерлі оқушыларымыз ана тілімізде Е.Омирханов пен Ж.Батыржанның орындауындағы мәнерлеп оқу мен Е.Контрабаев пен Б.Нурмагамбетовтар тамаша күйді тарту етті. Сонымен қатар «Қазақ тілі» үйірмесінің жетекшісі З.К.Сапанованың жетекшілігімен М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан сахналық үзіндісін келген жас тіл мамандары тамашалады. Жас мамандар үшін ұйымдастырылған коучинг барысында тіл мамандары ойлы пікірлерін ортаға салып алдағы жылдың жоспарымен бөлісіп, тәжірибе алмасу мақсатында іс-шаралар ұйымдастырылса деген пікірлерін жеткізді. (ҚББ әдіскері Ж.Д.Жумагулова)







«STORYSACK» инновациялық жобасы
Балаларды кітаппен таныстырудың бірнеше әдістері бар, бірақ оқу үдерісін қазіргі өскелең ұрпақтың өмірлік қажеттілігіне айналдыру үшін жаңа жолдарды іздеу керек.
Солардың бірі – «STORYSACK» жобалық әдісі оның идеясы-балалардың оқуын насихаттау және бірге дауыстап оқудан ләззат алу үшін қажет нәрсенің бәрін қамтамасыз ету. Қолданылатын әдістің жаңалығы-әрбір «STORYSACK» құрамына кіретін компоненттер бір көркем шығармамен біріктірілген балалар іс-әрекетінің әртүрлі түрлерін ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
«Storysack» инновациялық жобасын балабақшада 54 жүзеге асыру аясында балалар «Қаздар-аққулар» ертегісімен танысты. Бір ай ішінде алдын-ала жасалған жоспар бойынша жемісті жұмыс жүргізілді. Басында олар ертегіні тыңдап, мазмұны бойынша әңгімелесті, содан кейін сахналады, дидактикалық ойындар ойнады: олар ертегіні иллюстрациялар арқылы таныды, кейіпкерлерді дұрыс атады, ертегінің ертегі кейіпкерлері туралы сипаттамалық жұмбақтар шешті, басқатырғыштар жинады, лото ойнады және т.б. ойындара және сөйлеу байланыстарына белсенді қатысты. Бұл жоба балалардың коммуникативтік дағдыларын дамытады. Балалар сахналау барысында іс-әрекеттер мен рөлдік диалогтарды үйлестіруді үйренеді. Балаларға осы ертегідегі кейіпкерлерді қолдана отырып, өздеріне ертегіні мазмұндауды ұнады.
Ертегідегі барлық материалдар әдемі қорапта жинақталған олар - әр түрлі театрлар, түрлі-түсті кітаптар, жұмбақтар, «Қаздар-аққулар» қимылды ойынының атрибуттары, бояу беттері, құстар, нан өнімдері туралы карталар, «Көкөністер-жемістер» ойыны.
Осы жобаны іске асыру барысында біріктірілген оқыту технологиясы пайдаланылады.

а.ж. 20 желтоқсанында №115 ЖББМ базасында биология және химия пәндері мұғалімдерінің «Биология және химия пәндері бойынша білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру бойынша жұмысты ұйымдастыру»тақырыбында вебинар өткізілді.
Вебинар барысында тапсырмалардың мазмұнына, тапсырмалардың мазмұнын іріктеудің инновациялық тәсілдеріне, биология және химия сабақтарында оқушылармен жұмыс формасына, оқу тапсырмаларын орындау кезінде оқушылардың функционалдық жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын қалыптастыруға қатысты проблемалық мәселелер қарастырылды.
Мұғалімдер өз сабақтарында вебинар уақытында алған тәжірибелерін пайдалана алады. Жалпы белсенді семинарлар педагогтардың кәсіби өсуіне ықпал етеді.




"Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану"
тақырыбында қалалық семинар 2022 жылдың 15 желтоқсанында №1 мектеп-лицейінде өтті. Семинар диалогтық алаң форматында өтті. Қазақтілі мен әдебиеті сабақтарындағы өзекті мәселелер, шешу жолдары , білім сапасын арттыру үшін ұтымды әдіс - тәсілдермен тәжірибе бөлісті. Семинарға әдістемелік бірлестік жетекшісі Э.Е.Рахимова, Г.З.Абитчанова, Қ.Д.Князова, Б.М.Бигалиева белсене қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинарда «Джунгли», «Сүйек»,«Дұрыс қадам», «Tarsia» және т.б әдістерінің қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында ұтымдылығы талқыланды. Семинарға қалалық білім беру ұйымдарының қырық шақты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты. Күнделікті сабақтарында қолданып жүрген әдістермен бөлісті. Семинар барысында мұғалімдер әдіс-тәсілдерді қолданып, кері байланыс жасап отырды. Алдағы уақытта бірлескен жұмыс түрлерін жоспарлау, қалалық деңгейде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің өзара әрекеттесуі жайында сөз қозғалды.






2022 жылғы 15 желтоқсанда № 69 бөбекжайының базасында мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері үшін «Даму процестеріне жеке көзқарас, тәрбие және оқыту білім беру сапасын арттыру құралы ретінде» атты әдістемелік кеңесі өтті. Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің әдіскері Т.Б. Жихарева мектепке дейінгі ұйымдардың әкімшілігі мен педагогикалық ұжымының зерттеу қызметіне оның жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, әр баланың әлеуетін дамыту жолы ретінде баға берді. № 69 бөбекжайының меңгерушісі К. Ж. Уразбекова ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың толыққанды дамуы, тәрбие - білім беру процесін дараландыру және саралау үшін жағдай жасау бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту секторының басшысы А.К. Боранбаева интерактивті ойында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту Моделінің міндеттерін іске асыру мақсатында Даму, тәрбие және оқыту процестеріне көзқарастарды өзгерту туралы мәселені ашты.
Іс-шара соңында ұсыныстар, тапсырмалар берілді.



№19 мектебінің мектепалды даярлық сыныбының тәрбиеленушілері еліміз бойынша сырттай саяхатқа қатысты
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласы білім бөлімінің №19 жалпы білім беретін мектебі" КММ мектепалды даярлық сыныбының тәрбиеленушілері еліміз бойынша сырттай саяхатқа қатысты. Саяхат балалардың республикамыздың әнұранын орындауынан басталды. Иллюстрациялық материал арқылы балалар мемлекеттік рәміздерде қандай пайдалы және маңызды ақпарат шифрланғанын білді. Патриоттық атмосфераны құру үшін олар жылыту ойынын өткізді, балалар "Мен өз Қазақстанымды жақсы көремін" коллажын жасады. Балалар өз Отаны туралы өлең оқыды, Қазақстан картасымен танысты, республикамыздың қаншалықты бай екенін білді, туған өлкенің тарихы бойынша викторинаға, "Айгөлек"ойынына белсенді қатысты.
Балалар ата-аналарының көмегімен дайындаған жобаларымен өнер көрсетті, еліміздің қалалары бойынша қызықты саяхат жасады. Танымдық саяхат "Менің Отаным Қазақстан" суреттер көрмесімен аяқталды.



«Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»ММ Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Қостанай қаласы бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес 2022 жылдың 13 желтоқсанында «Үздік аудармашы» қалалық сайысын өткізді.
Сайыс Қазақстан Республикасы Рәміздерінің 30 жылдығына және мемлекеттік тіл саясатын насихаттауға бағытталды. Сайыс мақсаты: аудармашылардың біліктілігі мен тәжірибесін іс жүзінде сараптап, мемлекеттік тілде дайындалатын іс қағаздарының сапасын арттыруға ықпал ету, кәсіби аудармашыларға қолдау көрсету.
Сайысқа қала мекемелерінен 12 аудармашы қатысты. Сайыскерлер ресми құжаттарды аудару, ілеспе аударма, тыңдалым арқылы аудару тапсырмаларын орындады. Жүлделі 1-орынға №4 бөбекжайынан Кубекова Алтын Касымкановна иеленді. Құттықтаймыз!





Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту моделін іске асыру
Балаларды дамыту мен оқытуға қойылатын өзгермелі талаптарға, сондай-ақ Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделінің мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға сәйкес мектепке дейінгі ұйымдарда оқу жоспарлары мен бағдарламаларының, оның ішінде инклюзивті білім берудің икемділігін қамтамасыз ету арқылы педагогикалық процесті жетілдіру жолымен мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын трансформациялау үшін жағдайлар жасалады.
Республикалық «Мәриям оқулары» байқауы
«Қостанай қаласы білім бөлімі» ММ-нің жұмыс жоспарына сәйкес қазақтың көрнекті ақыны, Қазақстанның халық жазушысы Мәриям Хәкімжанқызының 116 жылдығына орай оқушыларға жерлес ақын апамыз Мәриям өлеңдерін терең меңгерту, мәнерлеп жатқа айту, поэзияға деген сүйіспеншілікке, рухани құндылық негіздеріне тәрбиелеу мақсатында Ынтымақтастық жұмыс мақсатында республикалық және Қостанай қаласындағы мектептерінің оқушылары арасында Қостанайлық ақын М.Хәкімжанованың құрметіне 2022 жылдың 05 қарашасында республикалық «Мәриям оқулары» байқауы өткізілді. Байқау М.Хәкімжанова атындағы №20 жалпы білім беретін мектебінің базасында өтті. «Мәриям оқулары» байқауы екі номинация бойынша өткізілді. Байқауға Қостанай қаласының 30 білім беру ұйымдарынан (50 оқушы) қатысса, Ынтымақтастық жұмыс түрі мақсатында 15 оқушы қашықтықтан қатысты.
«Білімдіден шыққан сөз»номинациясы бойынша Мәриям шығармаларын жатқа оқудан жүлдегер атанған оқушылар:
1-орын: А.Р.Бадертдинова (Ғ.Қайырбеков атындағы №9 жббм);
2-орын: Ф.Х. Мададова (№25 ном), Е. Карлова (№30 жббм), А.Балғина
(С.Мәуленов атындағы гимназия), М.Көбей (М.Хәкімжанова атындағы №20 жббм);
3-орын: С.Байдильдина (№7 жббм), А.У.Нуриева (Дружба жббм), Г.Ж.Қасымқан (№10жббм), А.А.Тулеубай (№15 жббм), И.Нағашыбай (Ә.Бөкейхан атындағы жббм).
«Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» Мәриямға арнау, жас ақындардың авторлық төл туындыларынан жүлдегер атанған жас ақындар:
1-орын: А.Марат (Ә.Бөкейхан атындағы жббм);
2-орын: Ж.Бейсен (М.Хәкімжанова атындағы №20 жббм), А.Хыдырбекқызы (С.Мәуленов атындағы гимназия); К.Бағытжанқызы (М.Қозыбаев атындағы №23 жббм), А.Абилов (ФМЛ),
3-орын: Ж.Нұралыұлы (№28 мг), Р.Атымтай (Ғ.Қайырбеков атындағы №9 жббм), Ә.Жалғасбек (Абай атындағы жббм), Н.Арстанбекова (№8 жббм), Д.Жадикова (№11 жббм),Ж.Альмагамбетов (Чапаев ном). Ынтымақтастық жұмыс мақсатында Қарағанды қаласының білім беру ұйымдарындағы оқушылар ерекше белсенділік таныта білді. (ҚББ әдіскері Ж.Жумагулова)






Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№13 бөбекжайы» КМҚК музыка жетекшісі Амирханова Айгул Ыбыраевна Қазақстан Республикасы оқу - ағарту министрлігі «Балаларды ерте дамыту институты» РММ Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жетілдіру бойынша жұмыстарына белсенділікпен қатысқаны үшін құрмет грамасымен марапатталды.
Балаларды тәрбиелеу мен дамыту ерте балалық шақтан басталады.
Балаларды дамыту мен тәрбиелеу мектепке дейінгі ұйымның күш - жігерін біріктіру қажет.

Құрмет грамотасымен Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай қаласы білім бөлімінің 69 бөбекжай-бақшасы КМҚК меңгерушісі Құлбарам Жақсылыққызы Оразбекова Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің "Балаларды ерте дамыту институты" РММ мектепке дейінгі білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталды.

"N8 бөбекжай-бақшасы" КМҚК педагогы Филатова Алла Николаевна Қостанай қаласының қоғамдық қызметіне белсенді қатысқаны және жеке үлесі үшін Қостанай қаласы әкімінің грамотасымен марапатталды.

Қалалық тіл мамандарының семинары
2022 жылдың 09 желтоқсанында «Қостанай қаласының білім бөлімі» ММ-нің жоспарына сай қала мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдерінің «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында дамыта оқыту әдістерін қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін дамыту»
тақырыбында семинар №15 жалпы білім беретін мектебінің базасында болып өтті.
Семинардың мақсаты: Оқытушының педагогикалық шеберлігінің негізгі өлшемдерінің бірі-оқушының өзіндік танымдық жұмысын ұйымдастыру, өздігінен оқып, ой-өрісін тереңдетуге баулу, ғылыми ізденіске жетелеуде әріптестердің тәжірибелерімен бөлісу.
Отырыс барысында «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында дамыта оқыту әдістерін қолдану» тақырыбында ӘБ жетекшісі, гуманитарлық ғылымдар магистрі А.К.Абдрашева баяндама оқыды. Тіл маманы Н.Н.Арыстан 7 сынып оқушыларымен «Қазақ музыкасы» тақырыбында понарамалық сабақ көрсетті.
«Оқу танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың командалық формалары» атты консалтингте Г.И.Халикулова «Plickers әдісінің кері байланыс жасаудағы тиімділігі»,А.Х.Молдахметова «Бұлтты сөздер-оқушылардың танымдық белсенділігін дамытудың бірден бір жолы», С.А.Алшимбаева «Tarsia әдісі арқылыоқушылардың қызығушылығын арттырамыз» тақырыптарында шебер-сынып көрсетіп, тәжірибелерімен бөлісті. Семинар соңында мұғалімдер арасында А.Б.Бекбулатова «Рефлексия-жетістікке апаратын жол» тақырыбында мұғалімдермен дәстүрлі емес формада рефлексия жүргізіп, семинардың тиімді әрі нәтижелі өткені аталып өтті. (ҚББ әдіскері Ж.Д.Жумагулова)




Бүгін Қостанай облысы жастарының «Алтын кітабы» жеңімпаздарын салтанатты түрде атап өту өткізілді.
Балалар жылына арналған мерекелік іс-шараға Қостанай қаласы мектептерінің 20 оқушысы қатысты:№1,2 МГ,№3 МГ, №5,7,10 ЖББМ,№14 НОМ,№15,16,19,22,23 ЖББМ,№28 МГ.
Салтанатты рәсімнен басқа балалар бал билері бойынша шеберлік сыныбына, сондай-ақ ойын-сауық ойындарына қатысты.
Фуршеттен кейін балаларға сыйлықтар табысталды: қыздарға-бисерден жасалған сурет, ұлдарға-конструктор.
Сондай-ақ, әрбір бала Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасынан үздік жетістіктері мен қоғамдық өмірге белсенді қатысқаны үшін грамота алды.
Балаларды құттықтаймыз және оларға сәттілік тілейміз!



2022 жылғы 7 желтоқсанда "Қостанай қаласының білім бөлімінің Әлихан Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ базасында "Мектеп жұмысының практикасында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға инклюзивті білім беру: проблемалар, шешу жолдары, перспективалар"семинар-практикумы өтті.
Семинарға инклюзивті білім беруге жетекшілік ететін директорлардың орынбасарлары, педагог-ассистенттер қатысты. Барлығы 40 адам қатысты.
Әлихан Бөкейхан атындағы мектеп ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс тәжірибесін ұсынды. Сонымен қатар, практикалық сабақтарды оқыту әдістемесі және осы санаттағы балалармен жұмыстың тиімділігі көрсетілген.
Семинар қорытындысы бойынша ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеу бойынша ұсынымдар әзірленді.









2022 жылдың 07 желтоқсанда 3-бөбекжайы базасында «Мектеп жасына дейінгі балаларға қазақ тілін үйретуде интелектуалды дамытушы ойындардың қызметі» тақырыбы бойынша мектепке дейінгі қазақ тілі мұғалімдері әдістемелік бірлестігі өткізілді.
Әдістемелік бірлестік барысында 3 бөбекжайы қазақ тілі мұғалімі Наурызбай Аягоз Абайқызы «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік ойының орыс тілінде оқытылатын «Балапан» мектепалды тобымен көрсетті.
Қазақ тілі мұғалімдеріне мектеп жасына дейінгі балаларды ерте кәсіптік бағдарлау бойынша көрме ұсынылды.
Әдістемелік бірлестікте 40,16,69 бөбекжайының қазақ тілі мұғалімдері Брахметова С.М. Койшибаева Г.Ш., Макаева Ж.А жаңа бағдарламаны талдап, өз тәжірибелерімен бөлісті.
ӘБ отырысының қорытындысы бойынша пікір алмасты.






Мектепке дейінгі және мектептегі білім берудің сабақтастығы.
2022 жылғы 7 желтоқсанда мектеп және балабақша басшылары, әдіскерлер мен меңгерушілер, мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтары мен бастауыш сынып мұғалімдері үшін «Мектепке дейінгі және мектептегі білім берудің сабақтастығы: тәжірибе шеберханасы» тақырыбында І Республикалық Форум өтті. Аталған форумның ұйымдастырушысы Павлодар облысының Білім басқармасы және білім беруді дамытудың Инновациялық орталығы.
ҰБТ «Мектепалды дайындық мектепке дейінгі білім беру мен бастауыш мектептің сабақтастығының факторы ретінде» секциясы шеңберінде жұмыс тәжірибесімен № 54 б/б әдіскері Е.А. Захарова «Балабақша мен мектептің сабақтастығы білім беру сапасын арттырудың шарты ретінде"тақырыбы бойынша бөлісті. Идеядан-ақиқатқа ... («Мектепке барғым келеді» тәжірибеге бағытталған жоба).
«ХХІ ғасырдың құзыреттілігін дамытуға бағытталған тиімді тәсілдер мен инновациялық технологиялар» секциясы аясында № 12 қазақ тілі мұғалімі А.А. Садықова «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру деңгейлерінің сабақтастығы» жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
Сондай-ақ, форумға Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының қызметкерлері, ЖОО ғалымдары, облыстық, қалалық,аудандық әдістемелік орталықтардың,кабинеттердің әдіскерлері, ҮШО филиалының жаттықтырушылары, білім беру ұйымдарының басшылары, Қарағанды, Жетісу, Алматы, Астана және Екібастұз қалаларының мектептері мен мектепке дейінгі ұйымдарының педагогтері шақырылып, қатысты.






