Жаңалықтар
Жылыту кезеңінде адамдардың қаза болуына жол бермеу және өрт қауіпсіздігінің алдын алуды қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылғы 19 қыркүйектен 2022 жылғы 22 қыркүйекке дейін білім бөлімі Қостанай қаласының Төтенше жағдайлар басқармасымен, Қостанай қаласының полиция басқармасымен бірлесіп кезекті рейдтік іс-шара өткізді.
Қостанай қаласының білім бөлімімен келесі мектептердің 24 отбасы қатысты: №14, 25, 13, 16, 18, 23, 21, 21, 122, 27.
Бару барысында пешпен жылыту, улы газ датчиктері тексерілді.
Комиссия № 14 негізгі орта мектебінің үш отбасына пеш алды парағын орнатуды ұсынды. Сондай-ақ, №23 орта мектеп пен № 16 жалпы білім беретін мектептің екі отбасына ас үй жиынтығын пештен алыс орналастыру ұсынылды. Улы газ датчиктері барған отбасыларында жарамды күйде.
Сонымен қатар, саяжайларға шығу барысында балалардың өмір сүру жағдайлары қанағаттанарлықсыз болған бір отбасы анықталды. Білім бөлімі ата-аналарға 2022 жылдың 23 қыркүйегіне дейін санитарлық нормаларға сәйкес тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын келтіруді тапсырды
Отбасы есепте тұрмайды, толық, көп балалы, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар, кәмелетке толмаған 4 баласы бар. Екі бала № 122 НОМ, бір оқушы № 27 ЖББМ, бір мектеп жасына дейінгі бала оқиды.
Бүгін, ағымдағы жылдың 23 қыркүйегінде қайта шығу жүргізілді, өмір сүру жағдайының жақсарғаны байқалады.
Алдын алу мақсатында білім бөлімімен Қостанай қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның жақын арадағы отырысына іс материалдарын шығару туралы № 122 НОМ, № 27 ЖББМ әкімшілігіне тапсырылды.
Сонымен қатар, ата-аналарға пешпен жылытуды пайдалану ережелері туралы жадынамалар таратылды.
Рейдтік іс-шаралар жалғасуда.
Пешпен жылытылатын үйлерде тұратын қала тұрғындарына өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз.



Жылыту маусымында адамдардың қаза болуына жол бермеу және өрт қауіпсіздігінің алдын алуды қамтамасыз ету мақсатында Білім бөлімі Қостанай қаласының Төтенше жағдайлар басқармасымен, Қостанай қаласының полиция басқармасымен бірлесіп саяжайларда тұратын отбасыларға бару кестесін бекітті.
Рейдтік іс-шараларды өткізу кезеңі: 2022 жылғы 14 қыркүйек-30 қыркүйек аралығы.
Қостанай қаласында саяжайларда тұратын барлығы 288 отбасы, оның ішінде 586 бала.
14.09.2022 жылы Қостанай қаласының білім бөлімі келесі мектептердің 8 отбасына барды: №3 мектеп-гимназиясы және 4 мектебі.
Сапар барысында пешпен жылытуды, улы газ датчиктерін тексеру жүргізілді.
№3 мектеп-гимназиясының 3 отбасына комиссияның ұсынысымен металлдан жасалған пешті орнату ұсынылды. Барған отбасылардағы улы газ датчиктері қауіпсіз күйде.
Сонымен қатар, ата-аналарға пешпен жылытуды пайдалану ережелері туралы жадынамалар таратылды.
Рейдтік іс-шаралар жалғасуда.
Пешпен жылытылатын үйлерде тұратын қала тұрғындарына өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз.


2022 жылғы 9 қыркүйекте Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды беретін комиссияның кезекті отырысы өтті.
Отырыс барысында кәмелетке толмаған 6 баланың, балалар үйінің 3 тәрбиеленушісінің және қамқорлықтағы 3 баланың жеке істері зерделенді.
Сондай-ақ, әрбір балаға ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасына тәрбиелеуге орналастыру жөнінде қабылданған шаралар туралы ақпарат тыңдалды.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша ҚР заңнамасына сәйкес бір теріс қорытынды, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі туралы 5 оң қорытынды қабылданды.
2022 жылғы 8 қыркүйекте Қостанай қаласының білім бөлімі қалалық прокуратура, полиция қызметкерлерімен, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссиямен бірлесіп кезекті рейдтік іс-шара өткізді.
Білім бөлімінің тұрақты бақылауындағы екі отбасына барды.
Барлық отбасылар Қостанай қаласының полиция басқармасында «Ата-аналар және өздерінің кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу, оқыту және бағып-күту жөніндегі міндеттерді орындамайтын өзге де заңды өкілдер, олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін» ретінде есепте тұр, есепке қою себебі: ата-аналар мен жақын туыстардың тұрмыстық жанжалы.
Отбасылардың бірі полиция басқармасында 22.09.2021 жылдан 22.09.2022 жылға дейін есепте тұр.
Есепте тұрған уақытында осы отбасына 4 рейдтік іс-шара жасалды. Алдын алу жұмыстарының қорытындысы бойынша отбасында оң динамика байқалады, тұрмыстық қақтығыстар бұдан былай байқалмады.
Отбасылардың бірі атаулы әлеуметтік көмек алушы болып табылады.
№ 11 ЖББМ әкімшілігі көмек көрсетеді: оқу үдерісі кезінде балалар тегін ыстық тамақпен, жазғы кезеңде сауықтырумен, бос уақытын өткізумен қамтылған.
«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы барысында бұл отбасына «Жалпыға міндетті оқу» қорынан 114 мың теңге сомасына мектеп киім, мектеп керек-жарақтарын сатып алуға материалдық көмек көрсетілді.
Рейдтік іс-шаралардың қорытындысы бойынша отбасылармен профилактикалық әңгіме жүргізілді, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексінің балалардың құқықтары, ата-аналардың құқықтары мен міндеттері және осы заңнама бұзылған жағдайда жауапкершілікке қатысты баптары түсіндірілді.
Бұл мәселе білім бөлімі мен қала прокуратурасының ерекше бақылауында тұр.


Қостанай қаласында Жалпықазақстандық ашық диктант жазылды
Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен 2022 жылдың 7 қыркүйегінде сағат 11.00-де қазақтың біртуар тұлғасы,Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған жалпықазақстандық «Ахмет Байтұрсынұлы – дәуірдің дара тұлғасы» тақырыбында ашық диктантты Қостанай қаласы білім бөлімінің мемлекеттік қызметкерлері,әдіскерлер мен қалалық білім беру ұйымдарының мұғалімдері жазды.Бұл айтулы іс-шараға 280 адам қатысты.






А.Байтұрсынұлынын ғылыми-лингвистикалық мұрасы
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұылының 150 жылдық мерейтойына орай 5 қыркүйек күні Павлодар облысы білім басқармасының «Білім берудегі дамытудың инновациялық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми-лингвистикалық мұрасы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды. Конференцияға ф.ғ.д. Анар Салқынбай, ф.ғ.к., Бақытгүл Қасымбайқызы, Ы.Алтынсарин атындағы ҰҒА-жетекші қызметкері, PhD докторы Арай Бошанқызы және т.б. жетекші ғалымдар пленарлық бөлімде сөз алса, секциялық бөлімде Павлодар, Қостанай, Қарағанды,Нұр-Сұлтан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының білікті ұстаздары өз тәжірибелерімен бөлісті. Қостанай облысы атынан «Қостанай қаласы білім бөлімінің №17 жббм» ММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, гуманитарлық ғылымдар магистрі, педагог-зерттеуші Ермаганбетова Ақбота Жаңалыққызы «Ахмет Байтұрсынұлы шығармаларын VARK стилі негізінде оқыту» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті. Алдағы уақытта Солтүстік өңірі педагогтарымен әріптестік байланыс жүргізіп, білім, ғылым жолын дамыту жоспарын жүзеге асырып отыру міндеті тұр. (ҚББ әдіскері Ж.Д.Жумагулова)

Мереке барысында ұлттардың шеруі өтті, онда әрбір тәрбиеленуші өзінің ұлттық костюмін, мәдениетін, тілін көрсетті.
Сондай-ақ мереке кезінде ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсыновтың бірінші әріпін еске алып, өлең оқып, мемлекеттік тілге ерекше көңіл бөлді.
Балалар аса көңілмен таныс және сүйікті өлең шумақтарын, атақты балалар шығармалары үзінділерін, әр түрлі тілде қайталап, сөздік ойындар ойнады.
Балалар ұлттық музыка тыңдап, Қазақстан Республикасы аумағында мекен ететін халықтардың ұлттық билер элементтерін орындады.
Тәрбиеленушілер әр халықтың мәдениетін құрметтейтін, салт-дәстүр мен тілді құрметтейтін үлкен тату отбасындай, мереке атмосферасына еніп, біздің үлкен елімізде тұратын барлық ұлттардың достығы мен бірлігінің күшін сезінді.



Кезекті рейдтік іс-шара өткізілді
2022 жылғы 26 тамызда Қостанай қаласының білім бөлімі қалалық прокуратура, полиция қызметкерлерімен, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссиямен бірлесіп кезекті рейдтік іс-шара өткізді.
Білім бөлімінің тұрақты бақылауында тұрған бір отбасына барды.
Отбасы көп балалы, толық емес. Анасы 2021 жылдың 18 қарашасынан бастап «Кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу, оқыту және қолдау жөніндегі міндеттерін орындамайтын, олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін ата-аналар және басқа да заңды өкілдер» ретінде Қостанай қаласының ІІБ есепте тұр.
«102» пультіне осы отбасында жанжал, алкогольдік ішімдіктерді ішу болып жатқаны туралы бірнеше рет телефон қоңыраулары түскен.
Қазіргі уақытта анасы алкогольдік тәуелділіктен емделді, оны көршілері оң сипаттайды.
Сондай-ақ, балалар оқитын мектеп әкімшілігі бұл отбасына көмек көрсетеді: оқу процесі кезінде балалар тегін ыстық тамақпен, жазғы кезеңде сауықтырумен, бос уақытын өткізумен қамтамасыз етіледі.
«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы барысында бұл отбасыға жалпыға бірдей білім беру қорынан оқу құралдары, спорттық костюмдер, кроссовкалар алуға 184 мың теңгеден астам материалдық көмек көрсетілді. 30 мың теңге демеушілік қаражат есебінен аяқ киім, футболка, жейде алынды.
Рейдтік іс-шаралардың қорытындысы бойынша анасымен профилактикалық әңгімелесу жүргізілді, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексінің балалардың құқықтары, ата-аналардың құқықтары мен міндеттері және осы заңнама бұзылған жағдайда жауапкершілікке қатысты баптары түсіндірілді.
Бұл мәселе білім бөлімі мен қала прокуратурасының ерекше бақылауында тұр.

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласының білім бөлімі» ММ өңірлік комиссия шешім қабылдаған күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күннен кешіктірмей, қала деңгейінде конкурс жеңімпаздары анықталатын «Үздік педагог» атағын беру қағидаларына сәйкес 2022 жылғы қыркүйекте «Үздік педагог» атағын беруге арналған конкурстың І кезеңін өткізу туралы хабарлайды.
Конкурстың I кезеңіне қатысу үшін қатысушы Министрліктің ақпараттық жүйесі арқылы 2022 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей электрондық форматта материалдарды (портфолио, бейнесабақ, сабақ жоспары, озық педагогикалық тәжірибені трансляциялау арқылы бейнеролик, эссе) қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысуға өтінім беруі қажет.
А.Байтұрсынов атындағы "Үздік оқытушы-2022" облыстық байқауы
Облыстық "Тілдарын" тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен өткізілген Ахмет Байтұрсынов атындағы "Үздік оқытушы -2022" облыстық байқауында Салеметсіздер ме! №19 жббм-нің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Крикпенова Гүлмира Талғатқызы үздіктер қатарынан көрініп жүлделі І орынға ие болды. ( Ақшалай сыйлық 200 мың теңге) Бірінші кезеңде бейнесабақ көрсетіп, ІІ кезеңде А.Байтұрсынов еңбектері бойынша 40 сұраққа мүдірмей, жаңылмай жауап беріп, ІІІ кезеңде тыңдаушылармен 10 минуттық сабақты жоғары деңгейде көрсете білді. 5 қыркүйек күні "Тілдер күні" мерекесіне орай өткізілетін жиында облыс әкімінің қолынан марапатталынады.Әріптесімізді жүлделі орынымен құттықтаймыз! (ҚББ әдіскері Ж.Д.Жумагулова)

Жұмыс барысында білім бөлімінің әдіскері А.Ж. Досанова қатысушыларды 2021-2022 оқу жылында қаланың білім беру ұйымдарында биология және химия пәндерін оқытудың жағдайымен таныстырды.
Спикерлер н.М. Сулекина, М. К.Жуматаева, А. Б. Бекмухамбетова, Э. Е. Есенова, Ю. Н. Шебелист, М. А. Огаркова практикалық бөлімде инклюзивтік оқыту, білім олқылықтарын толтыру бойынша жұмыста белсенді әдістерді пайдалану, функционалдық сауаттылықты қалыптастыру және дамыту үшін тиімді тәсілдер сияқты өзекті тақырып бойынша мастер-класс көрсетті. Соңында психолог С.Т. Ерғазиева тренингті өткізді, ол мұғалімдерді белсенді жұмысқа тартты.



2022 жылдың 15 тамызында №28 мектеп-гимназиясы ғимаратында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің «Әр баланың білім сапасын арттырудың негізгі бағыттары: жетістіктері,проблемалары,болашағы» тақырыбында әдістемелік алаңы өткізілді.Қостанай қаласында қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің оқытылу жағдайы мен өзекті мәселелері жайлы ҚББ әдіскері Ж.Д.Жумагулова баяндама оқыды.Пленарлық отырыста тіл мамандарының көкейтесті сұрақтары талқыға түсті.Қалалық білім беру ұйымдарынан 70-тен астам тіл мамандары қатысып отырды. «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру» тақырыбы бойынша ОТМ шеңберіндегі жұмыстың презентациясын (№19 жббм) А.Т.Кыдралина қорғаса, (№17 жббм) П.Е.Нысамбаева, Ә.Ж.Жиренбай, Н.К.Касимханова «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында шығармашылық тобының жұмысы туралы сөз алды. «Сәтті бастау:баланың даму мүмкіндіктері» әдістемелік алаң жұмысының №1 практикалық бөлігінде
(№14 ном) Г.К.Сабыкова «Жаңа технология элементтерін тиімді пайдалана отырып, оқушылардың айтылым дағдысын, білімге деген құштарлығын қалыптастыру, шығармашылығық қабілетін дамыту» тақырыбында шебер сынып, (№7 жббм) А.А.Ибраева «Ахмет Байтұрсынұлы-қазақ тілін меңгертудің әдістемесінің негізін қалаған ғалым-әдіскер» тақырыбында семинар-практикум өткізді. Ал, «Оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі білім беру мазмұнының тәрбиелік аспектілері» әдістемелік алаң жұмысының №2 практикалық бөлігінде «Ерекше білімді қажет ететін балаларды анықтау және қолдау» тақырыбында коучингті (№18 мг) З.Д.Сергазина,(№29 жббм) Г.М.Абдигапарова мен У.С.Серденбаевалар сабақта белсенді әдіс-тәсілдердің көмегімен оқытуды қалай жетілдіруге болады сұрақтар негізінде «Жаңартылған білім шеңберінде оқушылардың тілдік дағдысын қалыптастырудың тиімді жолдары» тақырыбында шебер сыныбын өткізді.Қазақ және орыс сыныптарға дәріс беретін тіл мамандарымыз №1, №2 әдістемелік алаңда өткізілген тақырыптың өзектілігіне тоқталып, өз ойларын ортаға салып,ұсыныстар мен пікірлерін жазып қалдырды.Айтылған ұсыныстары болашақта ескерілетін болады.




Ағымдағы жылдың 11 тамызында №2 мектеп лицейінің базасында Білім беру ұйымдарының басшыларымен "Жаппай оқыту"қорынан көмек көрсету мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өткізілді.
Кеңес барысында мектеп директорлары "Жалпы білім беру" қорынан оқушыларға материалдық көмек көрсету ережесіне (2022 жылғы 08 тамыздағы № 544) балалар жылы аясында білім беру министрлігімен енгізілген өзгерістермен таныстырылды және ата-аналар қауымдастығымен түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы мәселе көтерілді.
Сонымен қатар, білім бөлімі көмек көрсету аясында директорларға қадамдық іс-қимыл алгоритмін әзірледі және бекітті.



«Қазақ тілін дамытудағы үздік практиктер»
Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ғимаратында аудандық, ҚББ әдіскерлері, орта білім беру ұйымдары мен дарынды балаларға арналған мамандандырылған мекемелердің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің «Қазақ тілін дамытудағы үздік практиктер» тақырыбында 11 тамызда тамыз кеңесі шеңберінде секциялық отырыс өтті. Қостанай қаласының тәжірибелі ұстаздары (№18 мг) З.Д.Сергазина «Инклюзивті орта-инклюзивті оқушы және мұғалім» коучинг, ( №115 жббм) Ә.К.Усманова «Инклюзивті орта құру» коучинг, (М.Горький атындағы гимназия) А.Д.Салыкова «Тілді меңгеру деңгейлері» шеберлік сыныптарын өткізді. Тыңдаушы ретінде ҚББ әдіскері Ж.Д.Жумагулова, (№29 жбб м) Ж.М.Утеулин,(№28 мг) Г.Б.Шамшиналар «тәжірибе алмасу-іскерлікті жетілдіру» мақсатымен қатысып тәжірибе алмаса түсті.
Қазақ тілі мен әдебиеті секциясында көптеген тақырыптар қозғалды, сондай-ақ бұл тақырыптардың маңыздылығын қатысып жатқан әріптестер жоғары бағалады. Бұл коучингтың құндылығы ЕББҚ бар оқушыларды қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қалай қолдау көрсетіп, оларды оқу процесіне қалай жұмылдыру керек туралы әдістерді түсіндірді. Яғни, ЕББҚ оқушыларға тыңдалып, оқылым, айтылым, жазылым дағдыларын қалай меңгерту керектігі, тапсырманың жеңіл-күрделілігін үйретті. Тәжірибе жүзінде қатысу әріптестер өз тәжірибесімен де бөлісіп, жобалар қорғап, ЕББҚ бар оқушы моделін жасады. Коучингте ЕЕБҚ бар оқушымен жұмыс жүргізуде мұғалім моделінің орны туралы сөз етілді.
Шебер-сынып барысында тілді меңгеру деңгейлерінің атауларымен топқа бөлініп, «Неліктен тілдік дағдыларды дамытуымыз керек» деген сұрақ-жауап арқылы «Тілдерді меңгерудің жалпы еуропалық құзыреті» (CEFR) деңгейлерін (А1, А2, В1, В2, С1) ескере отырып, оқу бағдарламасынан оқу мақсаттарды жету жолдары қарастырылды.
Алған білімдерін практикалық тапсырмаларды орындау арқылы талқылауға салынып, шешім тауып, өз іс-тәжірибелерінде қолданудың тиімді әдіс-тәсілдерімен танысты.
Әрқашан мерейіміз үстем, мәртебеміз биік болсын! Ұстаздарға толағай табыс тілейміз!




Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне балабақшадан орын алу кезінде кезектен тыс жеңілдіктер құқығын беретін заңнамалық өзгерістер күшіне енді.
Мәлімет үшін, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне мыналар жатады:
- прокуратура органдары
- ішкі істер органдары
- мемлекеттік өртке қарсы қызмет
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
Индиго жүйесінде жаңарту қосылған, бұл азаматтардың аталған санаттарына өз мәртебесін жұмыс орнынан алынған анықтамалармен растауға мүмкіндік береді.
Жаңа жеңілдік арнайы орган қызметкерлері мен әскери қызметшілердің балаларымен тең жеңілдіктердің кезектен тыс түрлерінің санатына жатады.
Назар аударыңыз! Жеңілдік тек балалардың тұрғылықты жерінде ғана қолданылады.
Толығырақ ақпаратты 54-36-14 телефон нөмірі арқылы біле аласыз
2022 жылдан бастап Білім және ғылым министрлігі мектептер, колледждер мен балабақшалардың бірінші басшыларын ротациялауды енгізді.
Белгіленген ережелерге сәйкес ротацияға бір білім беру ұйымында 4 немесе 7 жылдан астам жұмыс істеген басшылар түседі. Бұл ретте атқаратын лауазымында 4 жыл болған бірінші басшы ұсынылған ротациядан бас тарта алады. Алайда, 7 жылдан астам өтілі бар басшы міндетті түрде ротациялауға жатады.
Бүгінгі күні Қостанай қаласының білім беру жүйесінде Бірінші басшылардың жалпы саны 69 адамды құрайды, оның ішінде ағымдағы жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 19 басшы табысты ротацияланды. Бұл жалпы білім беретін мектептердің 10 және мектепке дейінгі ұйымдардың 9 директоры.
Құттықтаймыз! Ұйымды ауыстыру бірінші басшылардың бастамаларын көбейтсін, олардың уәждерін арттырсын және жалпы басқару құзыреттеріне тиімді әсер етсін!
| № | Ф.И.О. подлежащего ротации | Место работы до ротации | Итог ротации |
| 1 | Дандыбаева Гульфия Тулегеновна | КГУ "Школа-лицей№2 отдела образования г.Костаная" | КГУ"Гимназия им.Горького отдела образования г.Костаная" |
| 2 | Шушпанова Ирина Валерьевна | КГУ "Гимназия им.Горького отдела образования г.Костаная" | КГУ "Школа-лицей№2отдела образования г.Костаная" |
| 3 | Унайбеков Руслан Боранбаевич | КГУ«Общеобразовательная школа № 6 отдела образования г.Костаная" | КГУ«Общеобразовательная школа № 8 отдела образования г.Костаная"» |
| 4 | Кандалина Татьяна Валентиновна | КГУ«Общеобразовательная школа № 8 отдела образования г.Костаная" | КГУ «Общеобразовательная школа № 6 отдела образования г.Костаная » |
| 5 | Шарипов Аркабай Сабыржанович | КГУ«Общеобразовательная школа № 17 отдела образования г.Костаная» | КГУ «Общеобразовательная школа № 20 имени Мариям Хакимжановой » |
| 6 | Шинбулатова Канзада Бактыбаевна | КГУ«Общеобразовательная школа № 20 имени Мариям Хакимжановой отдела образования г.Костаная » | КГУ«Общеобразовательная школа № 17 отдела образования г.Костаная» |
| 7 | Кабдулинова Анар Алибаевна | КГУ«Общеобразовательная школа № 21 отдела образования г.Костаная» | КГУ "Обшеобразовательная школа №19 отдела образования г.Костаная" |
| 8 | Шагабутдинова Наталья Серафимовна | КГУ "Обшеобразовательная школа №19 отдела образования г.Костаная" | КГУ«Общеобразовательная школа № 21 отдела образования г Костаная"» |
| 9 | Ислямов Темирбек Ислямович | КГУ«Основная средняя школа № 25 отдела образования г.Костаная » | КГУ «Вечерняя школа №2 отдела образования г.Костаная » |
| 10 | Арыстанбеков Бакыт Тулегенович | КГУ«Вечерняя школа №2 отдела образования гКостаная » | КГУ«Основная средняя школа № 25 отдела образования г.Костаная» |
| 11 | Ахметбекова Жанар Сайлаубаевна | КГКП "Ясли-сад №7» | КГКП "Ясли-сад №44» |
| 12 | Елекеева Лилия Рафхатовна | КГКП "Ясли-сад №44» | КГКП "Ясли-сад №7» |
| 13 | Алимова Гульнара Октябриновна | КГКП "Ясли-сад №12» | КГКП "Ясли-сад №16» |
| 14 | Сальменова Алмагуль Алимгазовна | КГКП "Ясли-сад №16» | КГКП "Ясли-сад №12» |
| 15 | Искакова Гульжан Сагиевна | КГКП "Ясли-сад №54» | КГКП "Ясли-сад №61» |
| 16 | Тусова Айгуль Аманжоловна | КГКП "Ясли-сад №8» | КГКП "Ясли-сад №54» |
| 17 | Берсугурова Зауреш Кундекызыковна | КГКП "Ясли-сад №61» | КГКП "Ясли-сад №8» |
| 18 | Койшина Айман Мухамеджановна | КГКП "Ясли-сад №6» | КГКП "Ясли-сад №17» |
| 19 | Абишева Римма Каирбековна | КГКП "Ясли-сад №17» | КГКП "Ясли-сад №6» |




