Жаңалықтар
Қостанай қаласы білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес №7 жббм-нің базасында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің " Жас тіл маманының тұрақты даму формуласы" тақырыбында жас мамандар арасында Workshop байқауы өтті.Байқаудың мақсаты: Жас тіл мамандарының кәсіби шеберлігін, инновациялық жұмыс тәжірибесін анықтау. Workshop барысында әрбір қатысушы өзінің әдістемелік идеясын ұсынды.Байқау барысында әрбір қатысушының ұсынған тақырыбы өз алдына өзекті әрі практикалық тұрғыдан нәтижелі болды. Workshop материалы "Шеберлік палитрасы -2022" кітапшасында білім бөлімінің сайтында жарияланады.Байқау қорытындысы :
І орын Мөлдір Ізтілеуова (№30 жббм);
ІІ орын Көркем Мұхамеджанова (№18 мг);
ІІІ орын Балшырын Бигалиева (№1 мл) иеленсе, "Жаңашыл ұстаз" номинациясын Әсия Бекенова (№2 мл), "Ізденімпаз ұстаз" номинациясын Жансая Жалмаганбетова ( №19 жббм), "Заманауи ұстаз" номинациясына Айнур Бекетова (№16 жббм) мен Жазира Сәкен (№22 жббм) ие болды.Жетістікке жеткен жас мамандарымызға шығармашылық табыс тілейміз! Құтты болсын! (ҚББ әдіскері Ж.Д.Жумагулова)






Бүгін, 23 мамыр айында Қостанай мемлекеттік А. Байтұрсынов атындағы университетінің «Биология» факультетінің 2 курс студенттері мектеп-лицейінің оқушылары үшін іс-шара өткізді. Олар Тобыл қаласының және оған іргелес аумақтардың флорасы мен фаунасы туралы айтып берді. Оқушылар баяндамаларды қызығушылықпен тыңдап, фотопрезентацияны көрді, көптеген сұрақтар қойылды. Сол күні оқушылармен «Өз ойыным» атты викторинасы өткізілді. Ең белсенді оқушылар грамотамен марапатталды.
Бүгін, 23 мамыр айында Қостанай мемлекеттік А. Байтұрсынов атындағы университетінің «Биология» факультетінің 2 курс студенттері мектеп-лицейінің оқушылары үшін іс-шара өткізді. Олар Тобыл қаласының және оған іргелес аумақтардың флорасы мен фаунасы туралы айтып берді. Оқушылар баяндамаларды қызығушылықпен тыңдап, фотопрезентацияны көрді, көптеген сұрақтар қойылды. Сол күні оқушылармен «Өз ойыным» атты викторинасы өткізілді. Ең белсенді оқушылар грамотамен марапатталды.



Қостанай қаласы білім бөлімінің әдістемелік кабинетімен бірлесе Дружба жббм-нің ұйымдастыруымен Балалар шығармашылық мектебінде Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған "Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ мәдениетінің бәйтерегі" республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференцияға А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің профессорлары мен тіл жанашырлары, Қостанай ҚББ ұйымдарының мұғалімдері қатысты.
Ахмет атамызға арнайы түсірілген деректі фильм көрсетілді.Кіріспе сөз алғандар Дружба мектебінің басшысы М.Талтакова,ҚББ-нің әдіскерлері Ж.Жумагулова,Е.Иманкулов пен құрметті демалыстағы қаламгер-жорналшы Мейраш Баймырзаұлы, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің қауымдастырылған профессорлары А.Төлегенқызы мен С.Сағындықұлы Ахмет атамыздың шығармашылығын дәріптеуде баяндамалар оқылды.
8-10 сынып оқушылары арасында "Ұлттың ұлы ұстазы" қалалық ғылыми-мақала байқауы мен тарих пәнінен "На знание личности А.Байтурсынова" интеллектуалдық олимпиадасы өткізілген болатын.Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті. "Ұлттың ұлы ұстазы" ғылыми-мақала байқауында
І орынды Г.Мейрамбаева (№4жббм) иеленсе,
ІІ орынды К.Ермагамбетова (ФМЛ),А.Әлмағанбетова (Чапаев ном),
ІІІ орынды Б.Қаупыш (№11жббм),Д.Сырлыбаева (№122ном),Қарағанды қаласы білім бөлімінің академик Е.А.Букетов атындағы жббм-нің оқушысы А. Насенова иеленді.Интеллектуалдық олимпиада бойынша
І орын жеңімпаздары А.Қалмұхамбетова,Р.Петренко (№7жббм),А.Холод,Е.Опалева (№13ном),М.Воронков,А.Левочкин,А.Покотун (№30жббм) марапатталды.Арнайы шақырылған құрметті қонақтарымызға Қостанай қаласы білім бөлімінің басшысы Гульсим Әділханқызының атынан Алғыс хат табысталды.
Алаш ардақтысы, ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығын дәріптеу бұдан әрі жалғасатын болады.Осы конференцияның өткізілуіне атсалысқан барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз.Мықты денсаулық,шығармашалық табыс тілейміз!(ҚББ әдіскері Ж.Д.Жумагулова)






«Malahit24.kz» веб-порталы арқылы
арнайы білім беру топтарына қабылдау
Құрметті ата-аналар!
Сіздердің назарларыңызға malahit.edu-kost.kz электрондық жүйеде жұмыс істеу тәртібін ұсынамыз.
Осы платформада ата-аналар: психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияға (ПМПК) қабылдауға жазыла алады, кезекке қоюға өтініш бере алады және мектепке дейінгі ұйымның арнайы білім беру тобына қабылдау үшін жолдама ала алады.
Арнайы топқа кезекке тұру үшін ата-аналар өтініштің электрондық нысанын толтырып, оны тіркеуге жіберуі қажет.
Жүйенің жұмысы туралы қосымша ақпаратпен malahit24.kz. порталында танысуға болады немесе 54 36 14 телефон нөміріне қоңырау шалыңыз.
Қостанай қаласы білім бөлімінің №115 жббм-нің базасында «Дарынды балаларды қалыптастыруда қазақ тілі мен әдебиетінің рөлі» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің қалалық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті.Қазақстанның 2050 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасы талаптарына сай білім беруде жеке тұлғаны дамыту, дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеу жолдарын айқындау қажет. Осы орайда Қазақстан Республикасының жаңа «Білім туралы Заңына» мемлекеттік саясат негізінде әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы мен дарындылығын дамыту сияқты өзекті мәселелер енгізілген. «Дарындылық» пен «қабілеттілік» бір - біріне жақын түсінік. Ұлы ақын Абай Құнанбаев «Кей қасиет туа бітеді, ал кейбірі еңбек арқылы қалыптасады» деп, дарындылықтың еңбек, іс –әрекет арқылы дамитынына меңзейді №115 жббм-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдістемелік бірлестігінің жетекшісі А.Ж.Хамзина мектептегі дарынды балалармен жұмыс жүйесімен таныстырды.Балалардың бойындағы танымдық, артистік,көшбасшылық, шығармашылық,әдеби қабілеттерін одан әрі шыңдау бағытында жүргізілген жұмыстар және проблемалардың шешу жолдары талданды.Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі М.Қ. Әлиасқарова Мейрамгүл дарынды балаларды ғылыми жұмысқа бағыттау мақсатында М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының әлем тілдеріне аударылуы» тақырыбында ауызша журнал өткізсе,А.К.Усманова 6 сынып оқушыларымен «Қызықты қазақ тілі әлемінде» тақырыбында интеллектуалды сыныптан тыс сабақ өткізді. Семинардың қорытынды бөлімінде «Дарынды балаға дархан жол» тақырыбында дарындылар шеруімен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен дарынды балалармен жұмыс нәтижесі қорытындыланды.«Таланттылар–раушан гүлі сияқты жан–жағына жұпар шашып,көңіл ашады» деп Ғабит Мүсірепов айтқандай, дарындылардың сахна төріндегі өнерлері көңіл сарайымыз ашып жібергендей.Әсіресе «Жас актер» театр үйірмесінің бастауыш сынып мұғалімі М.М.Байменованың жетекшілігімен қойылған жазушы,драматург Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейнесі» сахналық қойылымында Ләйла образын сомдаған А.Назымованың өнеріне көзіне жас алмаған көрермен болмады.А.Абилгазина Аружан мен Ә.Қайратқызы Шәкәрім мен Абай әндерін құйқылжата орындағанда көңіл сарайымыз одан бетер ашыла түсті. Мектепте дарынды балалармен жұмыс орнына қойылған деген түйінге келіп, бесінші сынып оқушысы облыстық балалар айтысының бас жүлдесін жеңіп алған Бақытбек Дінасылдың өнеріне тәнті болдық. Жалпы мектепте өнерлі ұстаздар молшылық екеніне көзіміз жетті. Музыка пәнінің мұғалімі Е.Сейіт, Қ.Ражанов сынды ұстаздар семинардың жақсы өтуіне ат салысып жүргенінен, мектеп ұжымының ынтымақтастықта жұмыс жасайтыны көрініп тұр.«Дарындыны дарын таниды» деген осы –ау. Осындай ұстаздар мен дарынды балаларға жағдай жасап отырған мектеп директоры К.П.Шайхыбеков пен оқу ісінің орынбасары Р.М.Искалиеваға алғысымызды білдірдік.(ҚББ әдіскері Ж.Д.Жумагулова)




«Ұлттың Ұлы ұстазы»
Биылғы 2022 жыл-Ұлтымыздың ұлы ұстазы,қазақтың рухани көсемі,көрнекті қоғам қайраткері,кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым, көсемсөз шебері,әдебиет зерттеушісі,тюрколог,дарынды ақын- аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толған мерейлі жыл.Алаш ардақтысының 150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтпек.
Қазіргі таңда Қостанай қаласының білім беру ұйымдарында Ахмет Байтұрсынұлына арналған түрлі іс шаралар өтуде. Бүгін № 11 жалпы білім беретін мектебінде қаза тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімдері бірлестігінің ұйымдастырумен «Ұлттың Ұлы ұстазы» деген тақырыппен дөңгелек үстел өтті.
Құрметті қонақтарымыз: ақын-жазушы қазақ радиосында,республикалық «Жалын» баспасында бөлім меңгерушісі,А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің аға оқытушы,кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған,халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің профессоры Серікбай Оспанұлы,А.Байтұрсынов атындағы өңірлік университетінің қауымдастырылған профессоры,филология ғылымдарының кандидаты Мырзағалиева Күлзада Мешітбайқызы, ахметтанушы Ибраһим Ағытайұлы және арнайы шақырылған қонақтар қатарында ҚББ –нің әдіскері Жумагулова Жанар Дуйсембайқызы, "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру бөлімінің әдіскері Иманкулов Ермек Асқарұлы қатысты.
А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар әлі де өз жалғасын табатынын мектеп басшысы Айбек Базаралыұлы айтып өтті.
Кезде сол ғасыр беті жаңа ашылған,
Бұл қазақ кемдік көрген жанашырдан.
«Алашым, ұйқыңды аш» деп ұран салды
Бір арыс ел бағы үшін жаратылған,- дегендей, киелі Торғай жеріндегі Ахмет пен Мыржақып аталарымыздың әдеби мұражайына саяхат ретінде түсірілген арнайы видео түсірілімді тамашалап,одан әрі оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, Ахмет атамыздың өлеңдерін оқып,күй тартылып,көрініс көрсетіліп,нақыл сөздері оқылды,келген қонақтарға оқушылар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойды.
Ахмет Байтұрсынұлы -еңбегі жанған жанның бірі. Жасаған еңбегінің жемісі-соңынан келе жатқан жастар. Жазушы Мұхтар Әуезов айтқандай, Ахмет Байтұрсынұлының ақын,публицист,ғалым,қоғам қайраткері санатында жасаған барлық еңбегі,тартқан қорлық,көрген азабы,болашаққа сенген үміт-арманы баршасы ұлы миссияны орындауға,туған халқы үшін қасықтай қаны қалғанша қалтықсыз жасаған қызметін біз жас ұрпақ ешқашан ұмытпаймыз!
Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаянын зерттеп жүрген,ғылыми еңбектерін насихаттап жүрген аға буын,орта буын азамат пен азаматшалардың және талантты оқушылар мен мұғалімдердің басын қосқан дөңгелек үстелде Ахмет Байтұрсыновтың қазақ тарихында алатын орны жайлы тағылымды әңгіме өрбіді.(ҚББ әдіскері Ж.Д.Жумагулова)




Қалалық және ауылдық мектептердің ынтымақтастығы аясында 2022 жылғы 17 мамырда Меңдіқара ауданының Краснопреснен ЖББМ-не Қостанай қаласының №115 ЖББМ ұжымының шығуымен Ашық есік күні өткізілді.
Аталған іс-шара барысында шағын жинақталған мектептің біріктірілген сыныптарында «Дене мүсінін қалай дұрыстау керек?» тақырыбы бойынша ашық сабақтар өткізілді, мұғалім С.Н. Наурызбаева.
Ал орта буын педагогтары өз тәжірибелерімен бөлісіп, бірқатар ашық сабақтар көрсетті:
«Жаратылыстану» пәні бойынша 5 сынып «Экология және тұрақты даму» бөлімінің тақырыбы, мұғалім Б. К.Мустафина;
- 6-сынып «Дүниежүзі тарихы» пәні «Қайта өрлеу дәуірі» бөлімі, мұғалімі Б.А.Хусаинов;
- 7-8 біріктірілген сынып-шағын жинақталған мектеп жиынтығы алгебра сабағы, тақырыбы:«Квадраттық теңсіздіктер»- «Алгебралық өрнектер», мұғалім А.Ә.Алқар.
Ашық есік күні аясында «Менің отбасым-менің байлығым» атты сыныптан тыс іс-шара ұсынылды.
Осы сабақтар ынтымақтастық бойынша Меңдіқара ауданының Краснопреснен ЖББМ және Қостанай қаласының №115 ЖББМ жұмыстың нәтижесі болып табылады




2022 жылғы 16 мамырда С.Мәуленов атындағы гимназияда Я2 орыс тілінде оқытпайтын мектептердің 9-сыныптарына арналған «Қорытынды аттестаттау» жинағының практикалық блогын жобалау бойынша орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің шығармашылық тобының отырысы өтті.
Шығармашылық топтың құрамына 9 сыныптарда сабақ беретін педагогтар С.Т. Исмагулова (№28 МГ), Ю.А. Багрий (№10 ЖББМ), А. Б. Шынбергенова (С. Мәуленов гимназиясы), А.А. Зулкарнаева (№28 МГ) қосылды.
Жинақтың мақсаты 9 сынып оқушыларының орыс тілі мен әдебиетінен функционалдық сауаттылығын арттыру.
Жинақта бітірушілерге қорытынды аттестацияға тиімді дайындалуға көмектесетін тапсырмалары бар әртүрлі тақырыптардағы мәтіндер бар.

2022 жылдың 16 мамырында №21 жалпы білім беретін мектебінің ағылшын тілі мұғалімі Елена Викторовна Дощанованың «Заманауи білім беру ортасы жағдайында дарынды оқушылармен жұмыстың тиімді түрлері» атты өзекті педагогикалық тәжірибесінің практикалық щебер-сыныбы өтті.
Қала педагогтары шебер-сыныпқа белсенді қатысты, тақырыптың негізгі аспектілерін талқылады, практикалық тапсырмаларды орындады, сондай-ақ білім алушылармен жұмыстың тиімді нысандарын, әдістері мен тәсілдерін пайдалану бойынша пікір алмасты.
«Балалар жылы» аясында педагогтар «My holiday activities» тақырыбы бойынша 5 «А» сыныбында ағылшын тілі сабағына қатысты, оның барысында Елена Викторовна білім алушылардың сөйлеу әрекетінің төрт түрін дамытуға ықпал ететін оқытудың тиімді нысандарын, белсенді әдістері мен тәсілдерін пайдалануды көрсетті.





Қалалық және ауылдық мектептердің ынтымақтастығы аясында 2022 жылғы 13 мамырда Қарабалық ауданының Ново-Троицк ЖББМ-не Қостанай қаласының №115 ЖББМ ұжымының шығуымен Ашық есік күні өткізілді.
Жаңа Троицк мектебінің педагогтары өздерінің жұмыс тәжірибелерімен бөлісіп, бастауыш буында бірқатар ашық сабақтарды көрсетті: 3А сынып әлемді тану, сабақтың тақырыбы: «Отбасылық келісім бәрінен қымбат», мұғалім Л. П.Федорцова; 3Б сынып математика, сабақ тақырыбы: «Ғасыр», мұғалім Б.А.Амантаева; 4А сынып әлемді тану, сабақ тақырыбы: «Менің туристік бағытым», мұғалім З.Т.Мустафина
Ал орта буында педагогтар 5 сыныпта кіріктірілген сабақ өткізді (математика, жаратылыстану пәндерінен «Туған өлкенің экологиялық мәселелері математика көзімен» тақырыбы бойынша, педагогтар А. С.Альмагамбетова, С. С.Нуркешева, 8А сыныпта қазақ тілі сабағы, тақырыбы: «Ғарышты игерген ел», педагог Г.С. Нуркешева)
Кері байланысты жүзеге асыру мақсатында мұғалім К. К.Дюсенбаев «Кинусайга» техникасында бұйымдарды дайындау және жұмыс тәсілдерін зерттеу саласында өз тәжірибесін жүзеге асыру бойынша мұғалімдермен практикалық сабақ өткізді.
Іс-шара барысында педагогтар тек пән саласындағы ғана емес, тәрбиелік сипаттағы жұмыс тәжірибесін қарастырып, «Жас сарбаз»клубы өз қызметін көрсетті.
Кездесуді концерттік көрсетіліммен аяқтады.

«Қостанай қаласының білім бөлімі» ММ жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылғы 13 мамырда «Қостанай қаласының білім бөлімінің №5 жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында семинар өтті.
Семинар тақырыбы: «Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды уақытылы анықтау». Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке алу және олар туралы ақпаратқа қол жеткізу қағидаларына сәйкес РДҚ-да сауалнамаларды толтыру үшін құжаттарды ұсыну. 3.05.2022 жылғы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексіне өзгерістер енгізу.
Отырысқа қала мектептерінің әлеуметтік педагогтары шақырылды.
Семинарға қатысушылар заңды өкілдерсіз тұратын балаларды, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды уақытылы анықтау бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
Сондай-ақ, педагогтар 3.05.2022 жылғы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексіне енгізілген өзгерістермен танысты.


12 мамырда «№ 10 Жалпы білім беретін мектеп » КММ базасында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған « Оқу үшін бағалау құралдары» тақырыбында коучинг өтті.
Коучингтің мақсаты мұғалімдердің тәжірибесін жетілдіру, теориялық және практикалық тұрғыдан кәсіби қолдау көрсету үшін бағалауды оқыту болды.
Коучингтің практикалық бөлігін бастауыш сынып мұғалімі Г.Е. Акмагамбетова өткізді.
Коучинг барысында мұғалімдер практикалық тапсырмаларды орындай отырып, бір-бірін бағалады.
Коучинг соңында ӘБ бірлескен жұмыстың қорытындысын шығарды және оқытудың бағалау құралдарын пайдалануға бағытталған тәжірибе алмасу бойынша одан әрі жұмыс ұсынылды.


Алдын ала қолжетімді мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссия отырысының № 1 хаттамасы
Қостанай қ. 2022 жыл12 мамыр
Қостанай қаласының білім бөлімінің № 401 кабинеті
Төрағалық еткен - Г.А. Уразбаева, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласының білім бөлімі» ММ.
Комиссия мүшелері қатысты -А.Е.Альжанов, Н.Г.Дюсекбаева, Л.А.Бугатаева, В.Р.Кушетерова , К.Б.Исмагулова
КҮН ТӘРТІБІ:
- Жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарды 2022 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға арналған конкурсқа қатысуға жіберу туралы.
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласының білім бөлімі» ММ мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің басшысы Л.А. Бугатаева мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға орын бөлу қажеттілігі туралы тыңдалды
2."Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне,сондай-ақ Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына сәйкес орта білім беру» ( 2020 жылғы 17 қаңтардағы өзгерістерімен және толықтыруларымен ) 2022 жылғы 7 сәуірде 56 орынға мемлекеттік тапсырысты орналастыруға конкурс жарияланды.
Конкурстық комиссияның мекен-жайына мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға 3 өтінім келіп түсті: 20 орынды құрайтын «sweet baby» ЖШС, 36 орынды құрайтын «Диами» ЖШС, 60 орынды құрайтын «Солнышко» ЖШС
- "Sweet baby" ЖШС қойылатын талаптарға сәйкестігін растау үшін конкурстық өтінім тігілген, нөмірленген, мектепке дейінгі ұйымның құрылтайшысы қол қойған,мөрмен расталған толық көлемде 68 парақта ұсынылды
- "Диами" ЖШС қойылатын талаптарға сәйкестігін растау үшін конкурстық өтінім тігілген, нөмірленген, мектепке дейінгі ұйымның құрылтайшысы қол қойған,мөрмен расталған толық көлемде 91 парақта ұсынылды
- "Солнышко" ЖШС қойылатын талаптарға сәйкестігін растау үшін конкурстық өтінім 46 парақта ұсынылған талаптарға сәйкес келмейді. Атап айтқанда :
«Солнышко» ЖШС
- Бородин көшесі, 25 мекен-жайы бойынша әрекет ететін 4 топқа санитариялық – эпидемиологиялық қорытынды ұсынылды
Жоғарыда баяндалғанның негізінде Қостанай қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі Комиссия ашық дауыс беру арқылы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға арналған тізбеге енгізу және мектепке дейінгі ұйымда орындар орналастыру
|
№ п/п |
Ұйымның атауы |
Орын саны |
|
|
Жаңа ұйымдар |
|
|
1 |
|
0 |
|
|
Қосымша орын |
|
|
2 |
«sweet baby» ЖШС |
20 |
|
3 |
«Диами» ЖШС |
36 |
|
|
БАРЛЫҒЫ |
56 |
- Мектепке дейінгі ұйымның құжаттар пакетін түзету және толықтыру құқығымен мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға арналған конкурсқа қатысушылардың тізбесіне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларының 4 - тармағы 19-тармағына конкурстық құжаттаманың сәйкес келмеуіне байланысты енгізуден бас тарту: - "Солнышко" ЖШС 20-тармаққа сәйкес 5 жұмыс күні ішінде
- Конкурстық комиссияның хатшысы Л.А. Фудашкинаға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы конкурстық комиссияның шешімін Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" ММ-нің интернет-ресурсында 3 (үш) жұмыс күні ішінде орналастыру тапсырылсын.
- Алдын ала рұқсат беру хаттамасына сәйкес түзетулері мен толықтырулары бар мектепке дейінгі ұйымдар ұсынған құжаттарды қайта қарау мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларының 20-тармағында көрсетілген мерзімде жүргізілсін.
Қазіргі оқушылар үшін ағылшын тілін білу, оны әр түрлі ақпарат көздерінен, соның ішінде биологиядан, ғылыми әдебиеттерден және интернет ресурстарынан алу мүмкіндігі өте маңызды. Биология сабақтарында көптілді оқыту білім алушылардың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыруға ықпал етеді. Озық педагогикалық тәжірибе мектебінің жұмысы аясында 2022 жылдың 06 мамырында Б.Момышұлы атындағы №5 ЖББМ базасында биология пәні мұғалімдерінің: А. Б. Бекмухамбетова «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және көптілділікті дамыту үшін биология сабағының әртүрлі кезеңдеріндегі тиімді тәсілдер мен әдістер»; Мақатова Б. А. «Пәнді оқуға деген ынтаны арттыру тәсілі ретінде биология сабағында көптілділікті енгізу элементтерімен АКТ пайдалану» атты тақырыбындағы жұмысының тұсаукесерін өткізді.
Сабақтарда көптілділікті енгізудің негізгі мақсаты soft CLILL әдістері мен түрлі белсенді әдістерді қолдана отырып, оқушыларды ағылшын тілінде биологияны үйренуге біртіндеп батыру болып табылады.




"Қостанай қаласының білім бөлімі" ММ-нің жұмыс жоспарына сәйкес М.Хәкімжанова атындағы №20 жббм-де "Ұлтына ұлағат қалдырған тұлғалар" тақырыбында заңғар жазушылар Ғ.Мүсірепов пен Ғ.Мұстафиннің 120 жасқа толу құрметіне арналған қостанайлық ақын-жазушылармен тағылымды кездесу кеші өтті.Ғабиден атамыздың туған жері кеншілер елінен Қарағанды қаласын және ынтымақтастық қарым-қатынас орнату мақсатында Павлодар,Көкшетау қалалық білім беру ұйымдарын ZOOM платформасы арқылы байланысқа шақырылды.
Қазақ халқының көрнекті жазушылары "Қос Ғабеңнің" өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында өңіріміздің Серікбай Оспанов,Ақылбек Шаяхмет есімді белгілі ақын-жазушыларымыз тағылымды кештің құрметті қонақтары болды.ҚББ әдіскерлері Ж.Д.Жумагулова,А.Е.Иманкулов,№27 жббм-нің м.а.директоры К.Б.Мурзабекова қатысып отырды.
Кеш барысында З.Әкімжановтың "Заңғар" өлеңі оқылды.Қос Ғабеңге арналған іс-шаралардан бейне фильм көрсетілді.
Қонақтарымыз ой толғап, Қос Ғабең шығармашылығын талдады.
Негізінен Ғабит Мүсірепов пен Ғ.Мұстафиннің 120 жылдығына арналған іс-шара №27 жббм-де бастау алған болатын.Қос бәйтерегіміздің құрметіне "Қара сөздің қас шебері" байқауында "Прозалық шығармадан үзінді оқу" номинациясы бойынша І орынды иеленген Г.К.Боранова "Ана" тақырыбындағы шығармаларының бірі "Ананың анасы" әңгімесінен үзіндісін нақышына келтіріп айтып берсе,"Қос көрнекті жазушыларымызға арнау өлеңдер шығару" номинациясы бойынша І орын алған №27 жббм-нің тіл маманы Н.М.Қасым "Қос бәйтерек" арнау өлең ін домбырамен орындап берді.Осы мектептің түлегі Р.Сейтқан ұрпақтар сабақтастығын ұштастыру бағытында арнау өлеңдерімен ортаға шақырылды.
Тағылымды кездесу соңында кеш қонақтары кезінде Ғабеңнің қалауымен жазылған "Қызқарағай" әнін музыка пәнінің мұғалімі Г.О.Ибраеваның орындауында тыңдады.
Бірінші болып социалистік Еңбек Ері алтын жұлдызымен марапатталған белгілі драматург,мемлекет және қоғам қайраткері Ғабит Мүсірепов пен Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері Ғабиден Мұстафиннің 120 жасқа толуына орай ұйымдастырылған тағылымды кештен естелік ретінде мектеп басшысы К.Б.Шинбулатова қонақтарға Күләш Байдалы апамыздың "Бұл-сен емес!" кітабын сыйға тартты. Заңғар жазушыларымыз жайлы тұщымды да,қызықты тағылымы мол әңгімелер өрбіді.Қос қаламгер Ғабиден Мұстафин мен Ғабит Мүсірепов жақын дос болғанын ақпарат беттерінен білеміз.Кездейсоқтық болуы да мүмкін, екеуі де бір жылы туып, бір жылы дүниеден өтті.Шығармашылық жолда да қатар жүрді.
Бүгінгі кешіміздің қонағы болған қос ақын-жазушы, ғалым Серікбай Оспанов,Ақылбек Шаяхмет есімді ағаларымызға толағай шығармашылық табыстар тілейміз! (ҚББ әдіскері Ж.Д.Жумагулова)



Ақпараттық технологиялар бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылдың 4 мамырында №2 мектеп-лицей негізінде "Білім беру ұйымдарындағы ақпараттық қауіпсіздік"семинары өтті.
Семинар барысында Бауыржан Момышұлы атындағы №5 жалпы білім беретін мектептің икт жөніндегі орынбасары М.Т. Нұржанов баяндама жасады.
Сонымен қатар, семинар шеңберінде "Күнделік" ААЖ, НОБД және МОН АРМ жұмысы бойынша ақпараттық технологиялар бөлімінің басқа да қызметкерлері баяндама жасады.
Сонымен қатар, қатысушылар мектеп сайттарының жұмысын жандандыру, оның ішінде оларды толтыру мәселелеріне назар аударды.
Семинар қорытындысы бойынша өзекті мәселелерді белсенді талқылау барысында тәжірибе алмасу және мұғалімдері STEM зертханаларында жұмыс істеуге оқыту курстарын ұйымдастыру туралы шешім қабылданды










