Жаңалықтар
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Бейімбет Майлин ауданының білім бөлімі" ММ-нің жұмыс жоспарына сәйкес ОТМ мақсатында "Қостанай қаласы білім бөлімінің А.М. Горький атындағы гимназиясы" ММ-сі мен бірлесе отырып "Оқыту үшін бағалау және оқу үшін бағалау" тақырыбында онлайн шеберлік-сыныбы өткізілді.Шебер-сыныптың мақсаты: оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалаудың ерекшелігі мен маңыздылығы мұғалімнің және оқушының іс-әрекетін бақылау, бағалау,тұжырымдаудың басты роль атқаратындығын,сол сияқты оқушының жас ерекшелігін, белсенділігін,ойының ұшқырлығын,нақтылығын саралай отырып оқушының жеке тұлғалық қабілеттерін, ерекшеліктерін айқындау болып табылады.
Шеберлік-сынып спикерлері А.М. Горький атындағы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Ә.Д.Салықова–п.ғ.магистрі, педагог-зерттеуші және Ш.Р. Бажирова– гуманитарлық ғ.магистрі, педагог-модератор өз тәжірибелерімен бөлісті. Шеберлік-сыныпқа аудан бойынша 22 тәжірибелі тіл мамандары, "Қостанай қаласының білім бөлімі" ММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті секторының әдіскері Ж.Д.Жумагулова қатысты. Шеберлік-сынып модераторы, аудандық білім бөлімінің әдіскері пед.ғ.магистрі Д.А.Алиева ұйымдастырды.
Шеберлік-сынып барысында сабақ өткізудегі бағалау туралы көптеген мәліметтер айтылды. Бағалауға байланысты әдіс-тәсілдердің қолданылуын, оқушыға өзін, өзгені, мұғалімді бағалап үйрену бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.(ҚББ әдіскері Ж.Д.Жумагулова)


2022 жылдың 20 сәуірінде Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 21 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де «Менің мамандығым – мемлекеттік қызметші» жобасы шеңберінде мектеп бітірушілерімен Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Айтуарова Әлия Рафаэльевнамен кездесу өтті. Ол түлектерге мемлекеттік қызметшілер жұмысының ерекшеліктері туралы егжей-тегжейлі түсіндіріп, балаларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметіне кіру шартымен таныстырды.
Ол мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этиканы сақтауына, Қазақстан мемлекетіне экономиканың барлық салаларына, соның ішінде мемлекеттік қызмет органдарына шығармашыл, сауатты, бастамашыл жас мамандар қажет екеніне ерекше назар аударды.
Балалар мемлекеттік қызметшілердің жұмысы туралы ақпаратты қызығушылықпен тыңдады, мемлекеттік қызметке түсу кезінде жас үміткерлерге қойылатын талаптар туралы сұрақтар қойды.
Қызықты, тартымды және мейірімді жағдайда өткен кездесу түлектер арасында үлкен қызығушылық тудырды.


Қарағанды қаласында "Ахмет Байтұрсыновтың педогогикалық мұрасы" тақырыбында республикалық форум өтті
Қарағанды облысында ұлт ұстазы-Ахмет Байтұрсынұлының 150жылдық мерекесін тойлау қарсаңында "Ахмет Байтұрсыновтың педагогикалық мұрасы" тақырыбында республикалық форум өткізілді. Сонымен қатар форумда Қарағанды өңіріндегі мектептердің педагогтері әзірлеген білім көрмесі ұйымдастырылды. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының педагогикалық мұрасы мен бүгінгі жаңартылған білім беру мазмұнының сабақтастығын LED экрандардан өз тәжірибелері негізінде көрсетті,ұлт көсеміне арналған арнайы кабинет ашып ұлы тұлғаны ұлықтады.Ақмола облысы,Қарағанды облысы,Қостанай облысы,Жезқазған,Көкшетау,Алматы қалаларының белді әдебиеттанушы-ғалымдары, білім бөлімінің басшылары,әдіскерлері мен педагогтері бас қосқан алқалы жиында "Алаштың Ахметі" атты ғылыми-теориялық конференция өтті. Секциялық отырыстарда ғылыми мақала қорғалды.
2-бағыт "Алаш зиялылары және ұлттық тіл мәселесі" тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті секторының меңгерушісі Жумагулова Жанар Дүйсенбаевна жүлделі ІІ орынды иеленсе,
3-бағыт "Ұлт болашағы-ұлттық жаңғыру және туған жер тұтастығы" тақырыбында жүлделі І орынды қаламыздағы №17
жалпы білім беретін мектептің мұғалімі,педагог-зерттеуші,гуманитарлық ғылымдар магистрі Ермағанбетова Ақбота Жаналыковна иеленді.Әріптестерімізге алдағы уақытта ғылым жолдарына сәтті қадам мен толағай табыстар тілейміз! Алаштың Ахметін ардақтайтын,ұлы шығармаларынан нәр алар парасатты ұрпақтар қатары толығып,жұртым дейтін балалар қатары көбейе берсін! (ҚББ әдіскері Ж. Жумагулова)



Құрметті әріптестер!
2022 жылдың 11 сәуірінен бастап педагогтердің ұлттық біліктілік тестілеуі басталғанын хабарлаймыз.
Тестілеуден өту ережесін бұзған жағдайда педагогке 5 жыл (білім беру ұйымдарының басшылары – үш жыл) мерзімге дейін аттестаттаудан өтуге рұқсат берілмейтінін естеріңізге саламыз.
Сонымен қатар, педагогтің біліктілік санаты "педагог" біліктілік санатына дейін (басшы – "білім беру ұйымының басшысы" біліктілік санатына дейін) төмендетіледі(ҚР БҒМ 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығы, өзгерістер мен толықтыруларымен 12.11.2021 ж. № 561бұйрығы).
Тыйым салынады:
аудиторияны кезекшінің рұқсатынсыз және сүйемелдеуінсіз қалдыруға;
бір-бірімен сөйлесуге;
бір жерден екінші жерге көшуге;
материалдармен алмасуға, материалдарды аудиториядан шығаруға;
аудиторияға (оқулықтар мен әдістемелік әдебиеттер, цифрлық смарт- жабдықтар (ұялы телефон) әкелуге және пайдалануға.
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №3 мектеп-гимназиясы» КММ –нің базасында қалалық жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында офлайн режимінде қалалық Абай оқулары байқауы өткізілді.
Абай оқуларының негізгі мақсаты: қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық қазақ әдебиетін оқуға деген қызығушылықтарын арттыру болып табылады.
Абай оқуларының негізгі міндеттері: Абай шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау, ұлылар поэзиясына, ұлттың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Байқау келесі номинациялардан өткізілді: «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы», «Абайдың қара сөздері», «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары», «Көңілім әнді ұғады», «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда», «Ұлылар әлемі».Байқауға әр мектептен 6 номинация бойынша 1 қатысушыдан өнер көрсетті.Қала мектептерінен 64 оқушы бақ сынасты.
1.«Өлең -сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша жүлделі орын алғандар:
І орын-№ 29 жббм-нің оқушысы Д.Ерлібекқызы;
ІІ орын -№ 27 жббм-нің оқушысы Т.Тасболатова;
ІІІ орын- Физика-математикалық лицейінің оқушысы А.Акуленко, № 21 жббм-нің оқушысы Я.Щеглова.
2. «Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша жүлделі орын алғандар:
І орын-№20 жббм-нің оқушысы А.Төлеу;
ІІ орын- №27 жббм-нің оқушысы А.Сейлбекова;
ІІІ орын-№9 жббм-нің оқушысы Н.Әбдіхалық.
3. «Жүйріктен жүйрік озар жарасқанда» номинациясы бойынша жүлделі орын алғандар:
І орын-№20 жббм-нің оқушысы Ж.Бейсен;
ІІ орын-№27 жббм-нің оқушысы Ж.Әлимауладин, С.Мәуленов атындағы гимназиясының оқушысы Д.Ғазиз;
ІІІ орын-№10 жббм-нің оқушысы С.Мағау, №28 мектеп-гимназиясының оқушысы Ж.Нұралыұлы.
4. «Ұлылар әлемі» номинациясы бойынша жүлделі орын алғандар:
(11 сыныптар арасында)
І орын-М.Горький атындағы гимназиясының оқушысы Ш.Оразалина;
ІІ орын-Ғ.Қайырбеков атындағы № 9 жббм-нің оқушысы Ы.Сабыржан;
ІІІ орын- №3мектеп-гимназиясының оқушысы А.Каджая.
(10 сынып арасында)
І орын-С.Мәуленов атындағы гимназиясының оқушысы А.Батыр;
(9 сынып арасында)
ІІ орын – №28 мектеп-гимназиясының оқушысы Қ.Олжабай;
ІІІ орын – Физика-математикалық лицейінің оқушысы К.Ермагамбетова;
(8 сынып арасында)
ІІ орын – №3 мектеп-гимназиясының оқушысы Д.Баяхметов;
ІІІ орын – №2 мектеп-лицейінің оқушысы Т.Сүгірова.
5. «Абайдың ақын-шәкірттерінің шығармалары» номинациясы бойынша жүлделі орын алғандар:
І орын-№17 жббм-нің оқушысы Н.Кусаинова;
ІІ орын-№20 жббм-нің оқушысы А.Сатымбаева.
6. «Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша жүлделі орын алғандар:
І орын- Ғ.Қайырбеков атындағы №9 жббм-нің оқушысы К.Сапарбекова,М.Қозыбаев атындағы №23 жббм-нің оқушысы С.Жолбарисов;
ІІ орын-М.Горький атындағы гимназиясының оқушысы С.Ибраева;
ІІІ орын- №29 жббм-нің оқушысы Н.Есингиреева,№7 жббм-нің оқушысы А.Досова
Жүзден жүйрік шыққан оқушыларымызды құттықтаймыз.Толағай шығармашылық табыс тілейміз! Дарынды жүлдегер оқушыларымыз «Абай оқулары» байқауының республикалық ІІ кезеңі облыста болатын байқауға жолдама алды. (ҚББ әдіскері Ж.Д.Жумагулова)


Қостанай қаласының ағылшын тілі мұғалімдерін құттықтаймыз!
2022 жылдың 28-30 наурыз аралығында ағылшын тілі мұғалімдері «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру әдістемелік кабинеті мен «KETA» ағылшын тілі мұғалімдері қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырған «Excel» облыстық олимпиадасына қатысты .
Олимпиада қорытындысы бойынша Қостанай қаласының 5 педагог барлық жүлделі орындарды жеңіп алып, білім басқармасының грамоталарымен марапатталатынын атап өткім келеді:
I орын Данилец Светлана Викторовна, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласының білім бөлімінің М. Горький атындағы гимназиясы» КММ ағылшын тілі мұғалімі
II орын Потылицына Ольга Андреевна, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №2 мектеп-лицейі» КММ ағылшын тілі мұғалімі
III орын Потехина Елена Рышардовна, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласының білім бөлімінің М. Горький атындағы гимназиясы» КММ ағылшын тілі мұғалімі
III орын Сейтханова Гаухар Бериковна, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №8 жалпы білім беретін мектебі» КММ ағылшын тілі мұғалімі
III орын Быстрова Ирина Олеговна, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №2 мектеп-лицейі» КММ ағылшын тілі мұғалімі
Ұстаздарымызды құттықтаймыз!!!
Оларға кәсіби даму және жаңа жеңістер тілейміз!!!

2022 жылғы 8 сәуірде Қостанай қаласының №17 жалпы білім беретін мектеп базасында өткен қалалық съезд қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің республикалық съезінің жалғасы болды.
Съезд барысында қаламыздың білім беру жүйесіндегі пәнді оқытудың жай-күйіне талдау жасалып, оның басым бағыттары айқындалды, орын алған мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды.
Пәнді оқытудағы басым бағыттар әлі де болса кадр саясаты, пәнді оқыту сапасы, оқушылардың пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларындағы көрсеткіштері, жалпы мемлекеттік тілді дамыту мәселелері болып қалады.
Дарынды балалармен жұмыс, қазақ тілі олимпиадаларына және ғылыми жобалар конкурстарына балалардың қатысуы мен нәтижелілігі басты мәселелердің бірі болып табылады.
Спикерлердің баяндамаларында тағы да бірқатар өзекті мәселелер айтылды. Бұл қазақ тілін оқытудың әдістері мен тәсілдерін таңдау (№2 МЛ, Г.К.Торина), оқу сауаттылығын дамыту (№17 ЖББМ, Б. Ж. Кулмагамбетова), пәнге оқытудың жаңа көзқарасы (№1 МЛ, Э. Е. Рахимова).
Съезд қорытындысы бойынша пәндер қазақ тілі мен әдебиетін оқыту сапасын арттыруға, оның ішінде өскелең ұрпақта мемлекеттік тілге деген құрмет, сүйіспеншілік сияқты сезімдерді қалыптастыру арқылы арттыруға бағытталған міндеттер шеңберін анықтады, оларды білу жастардың алдына шексіз мүмкіндіктер ашады.




«Қостанай қаласы білім бөлімінің №17 жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында «Қазақ тілі мен әдебиеті: оқыту мәселелері және оны шешу жолдары»тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні педагогтерінің қалалық съезі өтті. Аталған шараға Қостанай қаласы бойынша 80 қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты. Сонымен қатар, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің дайындаған авторлық бағдарламалары, оқу-әдістемелік құралдары, тіл дамытуға арналған бағдарламаларынан құралған білім көрмесі ұйымдастырылды. Пленарлық отырыста Қостанай қаласындағы қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнін оқытылу жағдайы, оқыту сапасын арттыру, мектеп жасына дейінгі балалардың тілдік әлеуетін іске асыру, өзге тілді ортада қазақ тілін жетілдірудің мәселелері жан-жақты қарастырылды.Съездің ашылу салтанатында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласының білім бөлімі» ММ-нің басшысы Уразбаева Гүлсім Әділханқызы әріптестерін ауқымды шараның басталуымен құттықтай отырып, қазақ мектептерінің санының артуы, қазақ тілінің қоғамдағы қолданылу деңгейінің жоғарылауы әр отбасындағы тәрбиеден басталатындығын қадап айтты. Мәселелерді шешу жолдары әрі қарай фасилитациялық алаңдарда өз жалғасын тапты. Облыстық, республикалық деңгейде нәтиже көрсетіп жүрген педагогтер, магистранттар, педагог-шеберлер, Халықаралық «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты өз тәжірибелерімен бөлісті.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін оқыту мәселелері және шешу жолдары» тақырыбындағы №1 фасилитациялық алаңда сабақ жоспарлаудың маңызы, оқу мақсаттарының негізгі және ішкі дағдылары қарастырылса,««Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндерін оқыту мәселелері мен шешу жолдары» тақырыбында және №2 фасилитациялық алаңда оқу мақсатына жету үшін қолданылатын бағалау тапсырмалары, дарынды балалармен жұмыс, эссе жазудың құрылымдары туралы мәселелер талқыланды. Ал, «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін оқытуда функционалды сауаттылықты қалыптастыру мәселелері мен шешу жолдары» тақырыбындағы №3 фасилитациялық алаңда функционалды сауаттылықты қалыптастыру, оқу сауаттылығына дайындау жолдары мен PBL (Project based learning)бойынша жұмыс істеу мәселелері, «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін оқытудағы оқу мақсаттарының өзекті мәселелері тақырыбында және №4 фасилитациялық алаңда оқу-әдістемелік құрал дайындау жолдары, сабақ үдерісіндегі олқылықтарды жою мәселесі ауқымды талқыланып, жазғы мектеп бағдарламасына бағыт-бағдар берілді.
Фасилитациялық алаң жұмысының соңында төмендегідей қарар қабылданды:
• Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда оқу мақсаттарына сәйкес сабақ жоспарлаудың маңыздылығы зор. Сол себепті мақсатқа сәйкес жұмыс істеу жүйелілік пен нәтижеге бағыт береді;
• Тілдік дағдыларды қалыптастыруда бағалау тапсырмаларына критерийлер анық, нақты болғанда ғана нәтиже болады. Эссе жазудағы қателіктерді болдырмау, талдау жасау жұмыстарын жетілдіру бойынша үздіксіз жұмыс істеу арқылы оқушылардың сауатты сөйлеу дағдыларымен қатар, сауатты жазу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
• Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауын жетілдіру, әр сабақта жүзеге асыру – оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға септігін тигізеді;
• Дарынды балалармен жүйелі жұмыс істеу, тьюторлық негізде олимпиада резервтерін дайындауға дұрыс бағыт-бағдар беру, оқушылардың зерттеу құзіреттілігін дамытуда үздіксіз тапсырмалар берумен қатар, жүйелі бақылау – нетижелі жұмысқа бағыт береді;
• Сабақ үдерісіндегі олқылықтарды жою өте маңызды болып саналады, сол себепті білімді толықтыру мақсатында ұйымдастырылатын жазғы мектеп жұмыстарын жүйелі жоспарлау оң нәтиже береді.
Сонымен қатар, педагогтардың оқу-әдістемелік құралдарын жетілдіру жұмыстарын жандандырып, қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша оқулықтар құрастыру мәселесін қолға алу – болашақтың еншісіндегі шешімін табуы тиіс мәселе екендігі айтылды.(ҚББ әдіскері Ж.Д.Жумагулова)


2022 жылдың 8 сәуірінде «Қостанай қаласының білім бөлімі» ММ жоспары бойынша «Айгерим-Ай» ЖШС базасында «Мектепке дейінгі білім беру шеңберіндегі инновациялық әдістер мен тәсілдер» тақырыбында мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу педагогтарының семинары өтті.
Семинарда мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруде инновациялық әдістер мен формаларды қолдану мәселелері қаралды.
Мектепке дейінгі білім беру бөлімінің әдіскері Л.А. Фудашкина мектепке дейінгі білім беруде инновациялық технологияларды қолдану туралы баяндама жасады.
Сондай-ақ, «Айгерим-Ай» балабақшасының әдіскерлері А.Т. Байсахалова, психолог М.Б.Кушекбаева, тәрбиешілер М.М.Рахимова, А.А Тубекпаева өз тәжірибелерімен бөлісті. Сөз сөйлеулерінде 4-К технологиясын қолдану, жобалық іс-шаралар, мектепке дейінгі ұйымдар үшін инклюзивті білім беру туралы сұрақтар көтерілді.
Семинар қорытындысы бойынша мектепке дейінгі білім беруді дамытудың негізгі бағыттары бойынша шешу жолдары анықталып, тиісті ұсыныстар


Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласы білім бөлімі" ММ-нің жұмыс жоспарына сәйкес №27 жалпы білім беретін мектеп базасында қазақтың көрнекті заңғар жазушылары Ғабит Мүсірепов пен Ғабиден Мұстафиннің 120 жылдығына арналған мұғалімдер арасында «Қара сөздің қас шебері» байқауы өтті. Екі номинациядан тұрған байқау кіл жүйріктің шабысын байқап, шабытын аңғаруға жеткілікті болды. Қаламыздың мектептерінен келген 43 қатысушы сахнада әсем сөзден сарай тұрғызып, бақтары мен баптарын сынады.
Байқау шарттары бойынша І номинацияда қатысушылар қазақтың көркем әдебиеті қаймақтарының, яғни белгілі жазушылардың прозалық шығармаларынан үзінді оқыса, ІІ номинацияда қос тарланбозға арнау өлеңдерін оқыды.
Бәсекелі бәйгеге Қостанай қаласының білім бөлімінің басшысының орынбасары Б.С.Қарыбаева, ҚББ-нің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі А.С.Бектурганова,ҚББ-нің әдіскерлері Ж.Д.Жумагулова,Д.Қ.Ғабдуалиева,Е.А.Иманкулов,А.М.Абаева;Облыстық "Қостанай таңы" газетінің тілшісі А.Ж.Қанғожин; №28 мектеп-гимназиясының,М.Хәкімжанова атындағы №20 жббм және №27 жббм-нің Г.Б.Шамшина,А.Б.Бегалина,М.М.Шипин есімді тіл мамандары төрелік етті. Көркем сөздің көсегесін көгертер шеберлер сахнаның шырайын келтіріп, қос жазушының шығармаларын оқыды.
Қазақ әдебиетінің қаймақтарынан үзінділер оқып, бірауық әдебиет әлеміне саяхат жасадық. «Жастар кітап әлемінен қол үзіп бара жатқан шақта әдеби әлеммен қауыштыратын мұндай байқаулар қажет»,- дейді ұйымдастырушылар.
Байқау қорытындысы төмендегідей:
«Прозалық шығармадан үзінді оқу» номинация бойынша: 1-орын:Г.К.Боранбаева (№10 жббм); 2-орын:А.Е.Исмагулова (№4жббм),А.Ж.Ахметбекова (Б.Момышұлы атындағы №5жббм); 3-орын: А.М.Нурғазина (№7жббм),А.Б.Әнуханова (№8 жббм),А.К.Усманова (№115жббм),А.Д.Салыкова (М.Горький атындағы гимназия) орындарды иеленді.
«Қос бәйтерекке арнау» номинация бойынша: 1-орын: Н.Қ.Қасым (№27жббм); 2-орын: А.М.Міркемел (С.Мәуленов атындағы гимназия),Д.М.Ихсан (№1мл); 3-орын: Ж.М.Қабден (Ғ.Қайырбеков атындағы №9жббм),М.Д.Ибраева (№16жббм),А.Ж.Ермағанбетова (№17жббм),А.К.Фазылова (№30жббм) қанжығасына байлады.
2022 жылдың 18 сәуірінде М.Хәкімжанова атындағы №20 жббм-де өтетін «Ұлтына ұлағат қалдырған тұлғалар» тақырыбында қос заңғар жазушыларымыздың құрметіне арналған тағылымды кездесу кешінде үздік атанған көркемсөз шеберлері шақырылады.
Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларды насихаттау шаралары өз жалғасын таба берері сөзсіз. (ҚББ әдіскері Ж.Д.Жумагулова).


"Қостанай қаласы білім бөлімі" ММ жоспарына сәйкес 2022 жылдың 06 сәуірінде мектептердің жантанушы педагогтарына арналған «Мектеп медиациясы-инновациялық тәсіл» тақырыбында №8 жалпы білім беретін мектеп базасында семинар өткізілді.
Сөйлеушілер өз сөздерінде баса назар аударған сұрақтар балалар туралы дауларды шешудегі медиация рәсімінің ерекшеліктеріне, кәмелетке толмаған балалармен қарым-қатынас жасау рәсімін жасау кезінде медиация келісімін қолдану мүмкіндігіне қатысты болды.
Қостанай облысы қауымдастығының қоғамдық қоры кеңесінің төрағасы Зуев И.А. медиация туралы таныстырды. Медиация-дауларды шешудің балама әдістерінің тобына жататын дауларды шешу әдісі. Сонымен қатар, медиация дауларды шешудің барлық басқа әдістерінен түбегейлі ерекшеленеді – дәстүрлі де, балама да. Медиацияда үшінші тарап – медиаторға уәкілеттік берілмеген және дау бойынша шешім шығаруға құқығы жоқ, сонымен қатар жанжалды шешудің нұсқаларын ұсынудан аулақ болуға тиіс.
Семинар қорытындысы бойынша кәмелетке толмаған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша жұмысты жалғастыру, мамандарға әдістемелік, құқықтық және консультациялық көмек көрсету бойынша ұсыныстар берілді.



2022 жылдың 31 наурызында №13 бөбекжай-бақшасының базасында «Балалардың білімімен іскерлігін шығармашылық дамыту арқылы ұлттық құндылықтарды дамыту» тақырыбында мектепке дейінгі ұйымдарының музыка жетекшілерінің облыстық семинары өткізілді.
Семинардың жұмыс барысында «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру әдістемелік кабинетінің мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту бөлімінің басшысы Қ.С.Кубеева сөз сөйледі, ол Қостанай облысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуда музыка жетекшілеріне инновациялық әдістер мен технологияларды пайдалануға, ұлттық құндылықтарды балалардың білім мен білік дағдыларын шығармашлық арқылы дамытуға ерекше назар аударуды ұсынды.
Облыстық семинарда Қостанай қаласының музыка жетекшілері : №61б/б (Д.К.Тұяқова); №54 б/б (И.В.Похуляк;О.В.Кащуба);№ 51 б/б (В.Б.Чумерина); № 15 б/б (С.В.Юркова,Е.В.Комендантова); № 69 б/б (Н.Г.Пермякова); № 13 б/б (А.Ы.Амирханова); № 11 б/б (Қ.Б.Мухамбетжанова); №2 б/б (А.Н.Горбушина) өздерінің іс-тәжірбиелерін, авторлық жұмыстарын ортаға салды.
Мұндай кәсіби кездесулер музыка жетешілерінің педагогикалық шеберлігін, құзыреттілігін арттыруға және шығармашылығын дамытуға ықпалы зор болып отыр.
Семинар жұмысы аясында музыка жетекшілері мектепке дейінгі білім берудің оң үрдістерін , одан әрі жұмыс істеу перспективаларын атап өтті.


Семинарға қалалық білім бөлімінің әдіскері,қалалық мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ӘБ жетекшілері мен тіл мамандары қатысты.
Бүгінгі заман талабына сай, жаңа ағымға қабілетті,өзі шешім қабылдай алатын, өздігінен білім алуға ынталы тұлғаны қалыптастыру. Критериалды бағалау жүйесі арқылы оқушының белсенділігін арттыру, оқу үрдісіне жарыса, бәсекелесе білім алуға қол жеткізу семинардың негізгі мақсаты болып табылады.
Осы мақсатта №30 жббм-нің ӘБ жетекшісі А.Т. Нұрғали сабақтарда өткізген критериалды бағалаудың тиімді тұстарын ортаға салды. Атап айтатын болсақ, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Ж.С. Смадьярова, А.К.Исмагуловалар өз тәжірибелерін пән сабақтарында көрсетсе, Г.Ж.Уразбаева мен жас маман М.Б.Ізтілеуова осы тақырыпта шебер-сынып көрсетіп, критериалды бағалаудың тиімді әдіс-тәсілдердің әр түрінен өз тәжірибелермен бөлісіп, бүгінгі семинарда критериалды бағалаудың маңыздылығы мен мәнін тағы бір пысықтап өтті. Қалалық білім бөлімінің әдіскері Ж.Д.Жұмағұлова семинарды қорытындылай отырып, критериалды бағалаудың тиімділігін арттыру үшін, қалалық, облыстық, республикалық деңгейде өткізілетін маңызды іс-шаралардан тәжірибе жинақтап отыру керектігін атап өтті. (ҚББ әдіскері Ж.Д.Жумагулова)


Қалалық «Махамбет оқулары» байқауы
№28 мектеп-гимназиясы базасында 8-11 сынып оқушылары арасында Қостанай қалалық «Махамбет оқулары» байқауы өтті. Байқаудың басты мақсаты – Махамбет шығармашылығын және оның туындыларын зерделеуді насихаттау, оқушыларды Қазақстан ұлы ақын және ойшылдарының шығармашылығына тарту. Байқауға қатысу үшін негізгі 3 номинация бойынша шарттар қойылды.12 мектептен 19 қатысушы байқауда бақ сынауға бел буды. Оның ішінде Махамбет, Төлеген Айбергенов, Фариза Оңғарсынова шығармаларын жатқа оқып, «Ел құтқарар ер едім..» мәнерлеп оқу номинациясында жүлделі бірінші орынды №115 жббм-нің 9 сынып оқушысы Н.Талғатбек, екінші орынды №28 мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушысы Н.Карасартова, үшінші орынды №15 жббм-нің 10 сынып оқушысы М.Елжан,№30 жббм-нің 11 сынып оқушысы М.Соколовская иеленді. Махамбет күйлерін,Төлеген Айбергенов,Фариза Оңғарсынованың өлеңдеріне шығарылған әндерін орындап, «Ұлы Арман...» ән байқауы номинациясында Бауыржан Момышұлы атындағы №5 жббм-нің 9 сынып оқушысы М.Алибаева жүлделі бірінші орын иегері атанды. Екінші орын - №115 жббм-нің 11 сынып оқушысы А.Абильгазина, үшінші орын - №29 жббм-нің 7 сынып оқушысы А.Садвакасова иеленді.«Тартынбай сөйлер асылмын..» атты дарындылар бөлімінде №28 мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы Ж.Нұралыұлы бірінші орын иеленсе,С.Мәуленов атындағы гимназиясының 10 сынып оқушысы Г.Борамбаева екінші орынды иеленсе,үшінші орын – №29 жббм-нің 5 сынып оқушысы Н.Абусахитқа берілді.Жүлделі І орынға ие болған жеңімпаз оқушылар облыстық деңгейде болатын байқауға қатысады.Жеңістеріңіз құтты болсын! (ҚББ әдіскері Ж.Д.Жумагулова)


2022 жылғы 30 наурызда №1 мектеп-лицейінің базасында 2022 жылы ББЖМ-не қатысқан 9-сыныптарда сабақ беретін ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған дөңгелек үстел түрінде практикалық отырыс өтті.
Білім беру бөлімінің әдіскері Н.В. Темирова білім алушылардың білімдену жетістіктерін мониторингілеу үшін ағылшын тілінен «Оқу сауаттылығы» бағыты бойынша тест спецификацияларымен тағы да таныстырды.
№1 мл ӘБ жетекшісі Н.И. Белоусова ағылшын тілі бойынша тестілеуге дайындық бойынша жұмыс жүйесін ұсынды. №8 ЖББМ,№28 мг,№15 ЖББМ,№19 ЖББМ,№13 ЖББОМ педагогтары өз істелген жұмыстарын, мәтіндермен жұмыс істеу әдістемелерін ұсынды.
Отырыстың практикалық бөлімінде мұғалімдер шағын топтарда жұмыс істей отырып, ағылшын тілі бойынша тапсырмалардың 7 нұсқасын әзірледі, сондай-ақ тесттердің дайын нұсқаларымен бөлісті.
Айта кету керек, дайын өнімді жасау бойынша практикалық қызметі бар мұндай өнімді іс-шаралар мұғалімдердің әлеуетін дамыту үшін мұғалімдерді үйлестіріп қана қоймай, сонымен қатар кәсіби шеберлік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
Дөңгелек үстелдің барлық қатысушыларына нәтижелі жұмысы мен ынтымақтастығы үшін алғысымызды білдіреміз!


2022 жылғы 30 наурызда №1 мектеп-лицейінің базасында 2022 жылы ББЖМ-не қатысқан 9-сыныптарда сабақ беретін ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған дөңгелек үстел түрінде практикалық отырыс өтті.
Білім беру бөлімінің әдіскері Н.В. Темирова білім алушылардың білімдену жетістіктерін мониторингілеу үшін ағылшын тілінен «Оқу сауаттылығы» бағыты бойынша тест спецификацияларымен тағы да таныстырды.
№1 мл ӘБ жетекшісі Н.И. Белоусова ағылшын тілі бойынша тестілеуге дайындық бойынша жұмыс жүйесін ұсынды. №8 ЖББМ,№28 мг,№15 ЖББМ,№19 ЖББМ,№13 ЖББОМ педагогтары өз істелген жұмыстарын, мәтіндермен жұмыс істеу әдістемелерін ұсынды.
Отырыстың практикалық бөлімінде мұғалімдер шағын топтарда жұмыс істей отырып, ағылшын тілі бойынша тапсырмалардың 7 нұсқасын әзірледі, сондай-ақ тесттердің дайын нұсқаларымен бөлісті.
Айта кету керек, дайын өнімді жасау бойынша практикалық қызметі бар мұндай өнімді іс-шаралар мұғалімдердің әлеуетін дамыту үшін мұғалімдерді үйлестіріп қана қоймай, сонымен қатар кәсіби шеберлік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
Дөңгелек үстелдің барлық қатысушыларына нәтижелі жұмысы мен ынтымақтастығы үшін алғысымызды білдіреміз!


Ұлы ағартушы, ғалым, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдық мерейтойын мерекелеуге байланысты «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап 28 наурызға дейін Қостанай қаласының білім беру кеңістігінде «Ұлт ұстазы» челленджі өтті..
Челлендж аясында Қостанай қаласындағы жалпы білім беретін мектептердің оқушылары мен ұстаздары Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы туралы 1-1,5 минуттық бейнероликтер түсіріп, қалың көрермендер танып, білуі үшін әлеуметтік желілерде жариялады.
Аталмыш іс-шара ұлы ағартушының шығармашылығын зерделеу мен қазақстандықтардың өскелең ұрпағы арасында насихаттаудың тиімді құралдарының бірі болып табылады.
Сілтемелер:
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=505855511258448&id=100055020108157&sfnsn=mo ;
https://www.instagram.com/tv/CZykcxCgF_0/?utm_medium=share_sheet ;
https://www.instagram.com/tv/CZwKM7MAeRS/?utm_medium=copy_link;
https://www.instagram.com/tv/CaGl4GvjKJ4/?utm_medium=copy_link;
https://www.instagram.com/tv/CZ7tZ_rAYYr/?utm_medium=copy_link;
https://www.instagram.com/tv/CZRPElTonIf/?utm_medium=copy_link
https://www.instagram.com/tv/CZ1eym2gcGo/?utm_medium=share_sheet;
https://www.instagram.com/tv/CZ_M3Q2gTLA/?utm_medium=copy_link;
https://www.instagram.com/tv/CZ3dcg-Ak9A/?utm_medium=share_sheet;
https://www.instagram.com/tv/CaCMHjkgm2p/?utm_medium=share_sheet;
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Дәстүр және ғұрып» арнайы жобасын жүзеге асыру мақсатында Қостанай қаласының білім бөлімі ағымдағы жылы Наурыз мейрамын тойлау бойынша кешенді іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекітті.
Мереке қарсаңында қаладағы барлық оқу орындарында салтанатты іс- шаралар өтті.
Ең жарқын іс-шаралардың бірі – адамзатты мейірімділікке, инабаттылыққа тәрбиелеуге бағытталған «Атамның ақ батасы» атты челленджі.
Сонымен қатар, челлендж аясында жалпы білім беретін мектептердің оқушылары мен мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің тәрбиеленушілері қазақ халқының салт-дәстүрі мен ұлттық тағамдарының дайындалу барысын бейнелейтін бейнероликтер мен т.б. бейнероликтерді түсірді.
Өскелең ұрпақтың бойына рухани - адамгершілік қасиеттерді әлеуметтік желі арқылы тәрбиелеу – қазіргі заманның озық тәсілі.
Бейнефильмдерге түсіру арқылы оқушылар халықтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын оңай қабылдап, меңгереді.
Жүктемелер:
Атамның ақ батасы;
https://www.instagram.com/tv/CbUQ1k4gedw/?utm_medium=copy_link;
https://www.instagram.com/tv/CbPSG5sgag9/?utm_medium=share_sheet;
Алғыс айту
https://www.instagram.com/tv/CahQ9W3AnSK/?utm_medium=share_sheet;
https://www.instagram.com/tv/CaRQ4hwAPYj/?utm_medium=copy_link;
Салт –дәстүр
https://www.instagram.com/reel/CbOzPrblvy4/?utm_medium=share_sheet;
https://www.instagram.com/tv/CbNZwV-g_r3/?utm_medium=share_sheet;
Ұлттық тағамдар
https://www.instagram.com/tv/CbHSLHKgqP7/?utm_medium=copy_link;
https://www.instagram.com/tv/Ca8pzPFj2OS/?utm_medium=copy_link
Қазақстанда 2022 жыл балалар жылы деп жарияланды.
Балалардың құқықтары мен бостандықтарын, оның ішінде еркін жүріп-тұру құқығын қорғау білім бөлімі мен прокуратураның ерекше бақылауында тұр.
2022 жылдың 31 наурызынан бастап төртінші оқу тоқсаны басталады.
Жақында әлеуметтік желілерде автобустарда көлік карталарымен төлеу кезінде мәселелер туындауы туралы сұрақтар жиі көтеріледі.
Көбінесе бұл валидаторлардың дұрыс жұмыс істемеуімен, карталарда қаражаттың болмауына байланысты болады.
Автобустарда жол жүру ақысын төлеу кезінде балалар үшін стресстік жағдайларды болдырмау үшін балаларыңыздың карталарында қаражаттың болуын, сондай-ақ карталардың жарамдылығын тексеруді сұраймыз.
Барлық сұрақтар бойынша уәкiлеттi органдар шара қолданбаған жағдайда қала прокуратурасына бiлiм бөлімінің 39-08-50 анықтама телефонына хабарласуға болады.



