Жаңалықтар
Қостанай қаласының білім бөлімінің 2022 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес 27 сәуір мен 4 мамыр аралығында аралас форматта «Ахмет Байтұрсынұлының – 150 жылдығына арналған «Тіл және Ахмет» күндері өтті.
№29 жалпы білім беретін мектебінің базасында тіл мамандары арасында «Ахмет оқулары» байқауы ұйымдастырылды.
Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту,ұстаздардың кәсіби шығармашылық қабілеттерін дамыту, қазақ халқының ұлы тұлғасы Ахмет Байтұрсыновтың жарқын өмірі мен еңбегін насихаттау мақсатында өткен республикалық байқауға Көкшетау, Павлодар қаласының ұстаздарына қатысуға ұсыныс жасалды.
Жыл басынан бері ынтымақтастықта Көкшетау, Павлодар қаласының білім беру ұйымдары арасында тәжірибе алмасып, іс-шараларға белсенді қатысу жолдары қарастырылған.
Төрт номинация бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері бақ сынасты.
Байқау қорытындысы төмендегідей:
1.«Ахмет Байтұрсынұлы мұрасы: зерттеу, жүйелеу жəне насихаттау» номинациясы бойынша
1-орын: К.Б.Молдахметова (№11 жббм);
2-орын: Г.Б.Ибраева (Б.Момышұлы атындағы №5жббм);
3-орын: М.Қ.Әлиасқарова (№115жббм)
2. «Адамдық диқаншысы қырға шықтым» номинациясы бойынша:
Бас жүлде - Н.Е.Елеукенова (№17 жббм);
1-орын: З.К.Сапанова (Дружба жббм);
2-орын: Д.С.Ромащенко (ГМГ);
3-орын: Павлодар қаласынан қатысушы Д.Е.Тәңірберген (№24 жом); А.М.Нургазина (№7 жббм)
3.«Ұлттың ұлы ұстазы» номинациясы бойынша:
1-орын: З.С.Муртазина (№28 мг);
2-орын: Т.Б.Жазықова ( №19жббм);
3-орын: Павлодар қаласынан қатысушы Т.П.Онянов (№24 жом); А.С.Сакауова (№8 жббм); Г.И.Құлмұрат (№1 мл)
4.«Қазақ руханиятының айнасы» номинациясы бойынша:
Бас жүлде – Г.М.Хусаинова (№29жббм)
1-орын: А.К.Нурина (№19 жббм);
2-орын: А.А.Шарипбаева (Б.Момышұлы атындағы №5жббм);
3-орын: А.А.Курмангалиева (№18жббм)
Қостанай қаласының білім беру ұйымдарында ұйымдастырған "Тіл және Ахмет" күндері өз мәресіне жетті."Ахмет оқулары" байқауын жылда өткізу жөнінде тіл мамандары ұсыныстарын жеткізді.
Алғаш рет болып жатқан "Ахмет оқулары" байқауына қатысып жүлделі орындарға ие болған әріптестерімізді құттықтаймыз!
Қаламыздың білім беру ұйымдарында даланың дарыны, саланың сан түрін меңгерген Ахмет атамызды ұлықтау іс-шаралары жалғасуда. (ҚББ әдіскері Ж.Д.Жумагулова)





«Қостанай қаласының білім бөлімі» ММ 2022 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес және мектепке дейінгі ұйымның педагог кәсібі туралы оң қоғамдық пікір қалыптастыру, шығармашылық бастаманы дамыту, педагогтарды инновациялық қызметке ынталандыру, сондай-ақ кәсіби шеберлікті арттыру мақсатында «Жүрегімді балаларға беремін» конкурсының қалалық кезеңі өткізілді.
Аталған іс-шараға мектепке дейінгі білім беруді жүзеге асыратын 17 ұйым қатысты.
Байқауды өткізу педагогтердің дидактикалық материалдарды, құралдарды әзірлеу, инновациялық әдістерді, құралдарды және технологияларды пайдалану және тәрбие-білім беру үдерісінде қызықты олжаларды, идеяларды іске асыру білігін көрсетті.
Байқауды қорытындылай келе, барлық ұсынылған жұмыстар жоғары деңгейде болғанын атап өткім келеді.
Конкурс жеңімпаздары:
Бас-жүлде– № 3 б/б тәрбиешісі О.М.Тамилина
1 орын – тәрбиеші б/б 61 Г.Д.Кабылдина, № 16 ЖББМ МДС тәрбиешісі Е.В. Ким
2 орын –№ 5тәрбиеші б / б Д.К.Кайрат, № 8 б/б тәрбиешісі Е.В.Ершова, № 11 б/б тәрбиешісі Г.Ш. Утетлеуова
3 орын- №7 б/б тәрбиешісі А.М.Оспанова, №9 б/б тәрбиешісі Я.А.Евсеева, №44 б/б тәрбиешісі С.Т.Жусупова, №51 б/б тәрбиешісі Р.З.Брагинец
Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз! Педагогтарға шығармашылық жетістіктер, жаңа қызықты идеялар тілейміз!





Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы «Қостанай қаласының білім бөлімі» ММ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысына және білім басқармасының 2022 жылғы 18 наурыздағы № 138 бұйрығына сәйкес Қостанай қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында әлеуметтік осал санаттағы отбасылардан шыққан балаларды тегін және жеңілдікпен тамақтандыру мүмкіндігі туралы ата – аналарға еске салады.
Ата - анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар, сондай-ақ санаториялық балабақшалардың, мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілері ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар тәрбиеленушілер үшін тамақтануға арналған шығыстарды 100% мөлшерінде өтеуге құқылы. Көп балалы отбасылардан шыққан балалар мен атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар тамақтану шығыстарын 50% мөлшерінде өтеуге құқылы болады.
Бұл үшін ата-аналар немесе тәрбиеленушілердің заңды өкілдері мектепке дейінгі білім беру ұйымына келесі құжаттардың бірін қоса бере отырып, еркін нысандағы жазбаша өтінішпен жүгінеді.
- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар – өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растау туралы анықтама (бұл анықтама «электрондық үкімет» порталы «әлеуметтік қамсыздандыру»- «отбасыларға көмек» -«өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» басты бетіндегі қойынды өтініш берушінің ЭЦҚ арқылы беріледі);
- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар – алған табыстары туралы мәліметтер (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақысы, кәсіпкерлік қызметтен және өзге де қызметтен түскен табыстары, 2007 жылғы 20 желтоқсандағы № 100-ден 2008-жылға дейінгі аралықта) алимент нысаны және басқа да асырауындағы адамдар) - жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасы балалары үшін.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсетуге қаражат тағайындауға өтініш берген кезге дейін (өтініш берген айды қоса алғанда) жыл басынан бастап айлардың санына және отбасы мүшелерінің санына табыстар сомасын бөлу жолымен айқындалады. Жан басына шаққандағы орташа табысты есептеу кезінде отбасы құрамында ата-аналар (өзге де заңды өкілдер) және олардың асырауындағы 18 жасқа толмаған балалар ескеріледі (ҚР Үкіметінің 12.03.2012 № 320 қаулысының 6-тармақтың 5,6-тармақшалары);
- Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тұратын балалар – жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, адамдар санаты үшін отбасыларда тәрбиеленетін балаларға қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиелеуді бекіту туралы уәкілетті органның шешімі (қорғаншылықты тағайындау туралы білім беру бөлімі бұйрығының көшірмесі, баланы патронаттық тәрбиелеуге немесе баланы қабылдайтын отбасына беру туралы шарттың көшірмесі);
- Даму мүмкіндіктері шектеулі балалар, мүгедектер және бала кезінен мүгедектер - (мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі немесе даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған психологиялық – медициналық-педагогикалық консультацияның медициналық қорытындысының көшірмесі, ҚР Үкіметінің 12.03.2012 ж. № 320 қаулысының 2-тармағының 2-тармақшасы, 6-тармағының 3-тармақшасы);
- Көп балалы отбасылардан шыққан балалар - (ҚР Үкіметінің 12.03.2012 ж. № 320 қаулысының 6 тармағының 1 тармақшасы, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері).
Ұйым қажетті құжаттармен бірге өтініш келіп түскен күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде оларды қарайды және әлеуметтік көмек көрсету немесе бас тарту туралы шешім қабылдайды. Азаматтардың әлеуметтік көмек алудан бас тартуы өтініш берушінің жалған ақпарат беруі болып табылады.
2022 жылғы 29 сәуірде физика-математикалық лицейінде «Қашықтықтан оқыту кезеңінде пайда болған білімдегі олқылықтарды жоюды ескере отырып, өз бетінше орындауға арналған тапсырмалар мазмұнын іріктеудегі инновациялық тәсілдер» тақырыбы бойынша Көркем еңбек мұғалімдерінің семинары өтті.
Жалпы білім беру пәндері кафедрасының меңгерушісі С. И. Кулак оқушылардың білімдеріндегі олқылықтарды жою бойынша жұмысты ұйымдастыру туралы баяндама жасады.
Көркем еңбек мұғалімі Е.М. Будилова Liveworksheets сервисінде интерактивті жұмыс парақтарын құру және қолдану арқылы көркем еңбек сабақтарында функционалдық сауаттылықты дамыту туралы ақпаратпен бөлісті. М.В. Нарумова жобалық оқыту технологиясын қолдану негізінде көркем еңбек сабақтарын ұйымдастыруды ұсынды, оның мақсаты білім кемшіліктерін жою бойынша жұмыс болып табылады.
Семинар соңында мұғалімдер оригами техникасы түрінде «Гвоздика» шеберлік сыныбын өткізді.
Іс-шара өте мазмұнды және қызықты өтті.


Ахмет шығармашылығының көркемдік ерекшелігін, бай сөз қорын насихаттау арқылы оқушылардың ой-танымын кеңейту, олардың бойында өзіндік көзқарастарын қалыптастыру мақсатында Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларынан (мысал жанрынан,тағы басқа әңгімелерінен) 5-10 сынып оқушыларының арасында қалалық "Ахмет атамыздың мысал жанрынан сахналық қойылым" байқауы №10 жббм-де өткізілді.
Байқауға 13 мектептен 53 өнерпаз оқушылар сахна төрінде Ахмет атамыздың мысал өлеңдері мен әңгімелерінен сахналық қойылым көрсетті.
Ережеге сай дайындықпен келген сахналық қойылымдарға орын беру қиындық тудырды. Әділқазылардың әділ шешімімен орындар берілді.
Бас жүлдені "Тағылымды-тәрбие –бала болашағының іргетасы" тақырыбында сахналық қойылым көрсеткен №28 мектеп-гимназиясының өнерлі оқушылары (жетекші мұғалімі М.Н.Абдибеков) иеленді.
І орынды "Қасқыр мен мысық" тақырыбында сахналық қойылымымен А.М.Горький атындағы гимназиясының өнерлі оқушылары (жетекші мұғалімі Г.Ш.Есенбаева) иеленді.
ІІ орынды "Шал мен жұмыскер" тақырыбы бойынша №29 жббм-нің өнерлі оқушылары (жетекші мұғалімі У.С.Серденбаева), "Қарға мен түлкі" тақырыбы бойынша №22 жббм-нің өнерлі оқушылары (жетекші мұғалімі М.У.Токжанова) иеленді.
ІІІ орынды "Қасқыр мен мысық" тақырыбы бойынша №17 жббм-нің өнерлі оқушылары ( жетекші мұғалімі А.Ж.Ермаганбетова), "Жас ағаштар" тақырыбы бойынша №10 жббм-нің өнерлі оқушылары (А.К.Биримжанова) иеленді.
Ахмет ата ролін сомдаған Ж.Нуралин (№28 мг), шалдың ролін сомдаған Ұ.Сералин (№29жббм),аққудың ролін сомдаған А.Моисеенко (Дружба жббм), қасқырдың ролін сомдаған С.Войлошников (ГМГ),түлкінің ролін сомдаған Т.Перегудова (№122ном) есімді оқушылар шынайы образға кіріп,көрерменнің көңілінен шығып, "Көрермендер көзайымы" номинациясына ие болды.Ахмет атамыздың құрметіне ұйымдастырылып жатқан іс-шара №29 жббм-де жалғасын табады. (ҚББ әдіскері Ж.Жумагулова)


2022 жылдың 28 сәуірінде №29 ЖББМ базасында «Сабақтың дебюті» орыс тілі мен әдебиеті жас мұғалімдерінің қалалық байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты-талантты жас педагогтарды анықтау, оларды қолдау және ынталандыру.
Байқауға қала мектептерінен орыс тілі мен әдебиетінің 10 педагогы қатыстыа (№1 МЛ, №2 МЛ, №3 МГ, №15 ЖББМ, №17 ЖББМ, №18 ЖББМ, №!9 ЖББМ, №21 ЖББМ, №23 ЖББМ, №29 ЖББМ).
Байқауға қатысушылар бейне сабақтар ұсынып, «Жаңа мектепке барар жолда (қазіргі қазақ білімі жас мұғалімнің көзімен), «Орыс тілін осы үшін ғана үйренер едім» немесе «Орыс тілін не үшін оқу керек? », «Өзім туралы бірер сөз, Менің таңдауым – мамандығым» тақырыбында эссе жазды.
Байқауға қатысушылар барлық сынақтардан лайықты өтті, тапсырмаларды орындады.




Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласының білім бөлімі» ММ 2022 жылғы 28 сәуір мен 14 мамыр аралығында 2022 жылғы негізгі ҰБТ-ға қатысу үшін өтінімдер қабылдау басталатынын хабарлайды, ол 16 мамыр мен 5 шілде аралығында тегін негізде өтеді.
Негізгі ҰБТ мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін сертификат алуға мүмкіндік береді. 2022 жылғы мемлекеттік грантқа үміткерлерге негізгі ҰБТ-ға 2 рет қатысу мүмкіндігі беріледі.
Тестілеуге қатысу үшін app.testcenter.kz сайтта онлайн өтінім беру қажет.
Тіркелу кезінде тестіленушілер өздері үшін ыңғайлы тестілеу күнін, уақытын және орнын өздері таңдайды.
Пәндер саны өзгеріссіз қалады-3 міндетті және 2 таңдау керек. Ең жоғарғы ұпай саны – 140. Тестілеу уақыты 240 минут.
Рұқсатнамалар ubt.testcenter.kz. жеке кабинетте қолжетімді болады.
Қостанай қаласы білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес қазақ тілі грамматикасының атасы,қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдық мерейтойын мерекелеу күніне, Қостанай қаласындағы №6 жббм-нің оқушылары Ахмет атамыз атындағы Қостанай өңірлік университетінің жанындағы А.Байтұрсынов атындағы мұражайға саяхат жасады. Мұражай коллекцияларында посткеңестік кеңістіктің барлық бұрыштарынан жиналған қызықты экспозициялар бар. Экскурсанттардың ішінде көне қолжазбалар мен қазақ халқының тұрмыстық заттары қызықтырды. Ж. К.Тюлюбаева экскурсияға қатысушыларды қазақ халқының дәстүрлі еңбек заттарымен таныстырды.Жас өрендеріміз Ұлы Алашордашыларға тиесілі бірегей экспонаттарды өз көздерімен көрді.
Бүгін Тіл және әдебиет теория кафедрасымен бірлесе отырып Физика-математикалық лицейі мен №2 мектеп-лицейінің тіл мамандарының ұйымдастыруымен "Ұлы ұстаз ұлағаты: Ахмет Байтұрсынұлы жолымен" тақырыбында дөңгелек үстелде тағылымы мол сұхбаттасумен жалғасын тапты.
А.Байтұрсынов атындағы өңірлік университеті қауымдастырылған профессор, филология ғылымдарының кандидаттары Қ.Т.Нұрмұхаметова, К.Қ.Есіркепова,Г.М.Мырзағалиева,Ә.Х.Бекбосынова,Э.Ә.Исова есімді ғалым апаларымыздың тың дүниелерімен мағлұматтар алып қайтты оқушыларымыз.
Спикерлер А.Ш.Сагунбаева,А.Е.Агитаевалар "Ахмет атамыздың нақыл сөздері мен аудармаларын" окытудагы әдіс-тәсілдерді көрсетіп, түсінік беріп кетті.
Ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының мұрасы мен ұлт руханиятына қосқан үлесін жас ұрпаққа кеңінен насихаттау, олардың жан-жақты дамуына мүмкіндік беретін алаң қалыптастыру мақсатында өткен дөңгелек үстелде "А.Байтұрсынов тағылымы" атты республикалық интеллектуалды сайысқа қатысқан қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің болашақ мамандары яғни 4 курс студенттері оқушыларды ойталқыға шақырып,ғылыми жолға түсудің бір қырын түсіндіріп өткендей болды.(ҚББ әдіскері Ж.Д.Жумагулова)



2022 жылдың 28 сәуірінде № 18 мектеп - гимназияның география пәні мұғалімі Л.И. Моргачеваның «География сабағында функционалдық сауаттылықты дамыту» тақырыбындағы өзекті педагогикалық тәжірибесінің офлайн презентациясы өтті.
Л.И. Моргачева 9 б сыныпта "ҚР шаруашылық салалары"тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді. Сабақтың барлық тапсырмалары оқушылардың функционалдық сауаттылық дағдыларын дамытуға бағытталған. Сабақтың мақсаттарына сәйкес балалар экономика салаларына сипаттама берді, сонымен қатар олардың болашағын бағалады.
Сабақта «Біз бірегейміз» психологиялық көзқарасы, топтық жұмыс түрі, белсенді және интерактивті оқыту әдістері, атлас картамен және контурлық картамен жұмыс қолданылды.
Сабақты қорытындылау онлайн-тестілеу арқылы өткізілді.




«Қостанай қаласының білім бөлімі» ММ жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылғы 28 сәуірде «Қостанай қаласының білім бөлімінің №8 жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында «Қамқор» көшпелі қоғамдық қабылдауының кезекті отырысы өтті.
Отырысқа әлеуметтік педагогтар, қала мектептерінің психологтары, қамқоршылар, патронат тәрбиешілер және асырап алушы ата-аналар шақырылды. Барлығы 95 адам қатысты.
Қоғамдық қабылдау бөлмесінің тыңдаушылары жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үй алу үшін кезекке қою бойынша kezekte.kz порталының жұмыс жүйесімен таныстырылды.
Барлық қатысушылар қорғаншылық және қамқоршылық органдарына қойылған сұрақтарға толық және мазмұнды жауап алды.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мүліктік құқықтарын қорғау мақсатында кәмелетке толмағандардың тұрғын үйін сақтау және мемлекеттік қордан тұрғын үй алу үшін уақтылы кезекке қою жөнінде ұсынымдар берілді.



2022 жылдың 28 сәуірінде №2 мектеп – лицейінде «Шығармашылық өзін-өзі тану сабақтарында мазмұндық және әдістемелік негіз ретінде» тақырыбы бойынша өзін-өзі тану мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті. Іс-шараның басында өзін-өзі тану мұғалімі С.В.Мельникова «Шығармашылық және Сіз» бірлескен ортасын құру үшін тренинг өткізді. Онлайн-сөз сөйлеу барысында Алматы қаласы өзін-өзі тану пәнінің тренері, Нұр-сұлтан қаласы №21 ОМ өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Л.С. Темирова сабақтарда шығармашылық дағдыларды дамытудың (жұмыс тәжірибесінен) проблемалары мен шешу жолдары туралы айтты. №2 мектеп - лицейінің өзін – өзі тану пәнінің мұғалімі З.И. Барлыбаева «Халықтың рухани мұрасы-даналық көзі» атты демо-сабақ көрсетті. №2 МЛ өзін-өзі тану мұғалімдері ӘБ жетекшісі И.С. Марченко топтар қызметінің креативті өнімдерін құру бойынша алаңдардың жұмысын ұйымдастырды.
МҰ отырысының соңында рефлексия жүргізіліп, ұсыныстар берілді. Әдіскер М. Ю. Попова 2021-2022 оқу жылының жұмысын қорытындылады.





2022 жылдың 27 сәуірінде А.М. Горький атындағы гимназияның базасында тарих және география мұғалімдерінің қалалық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті, ол «Оқушыларды ынталандыру-білім сапасын арттыру тәсілі» тақырыбында теориялық-практикалық семинар түрінде ұйымдастырылды. Семинар барысында тарих пәнінің мұғалімі И. Я. Науменко өзінің жұмыс тәжірибесін ұсынды, ол оқушылардың зерттеу қызметі туралы айтты, Л. Б. Оспанова, тарих пәнінің мұғалімі тарихты оқытуда пікірталас технологиясын қолданудың мотивациялық аспектілерін түсіндірді.
Семинардың практикалық бөлімі барысында география пәнінің мұғалімдері Р. Ж. Мукаева және М. В.Нюнюкова, сондай-ақ тарих пәнінің мұғалімі В. П. Ли топтар бойынша жұмыс жүргізді, оларға жағдай жасап, сабақ барысында да, сабақтан тыс уақытта да пәндерді оқуға деген ынтаны қалыптастыру тәсілдерін талдап, талқылай алды.
Жұмыс гимназияның «Мектеп тарихы мұражайы мен тарихи-өлкетану мұражайына» барумен аяқталды.
Отырыс қорытындысы бойынша педагогтар тарих пен географияны оқуға деген тұрақты ынтаны қолдау үшін «Жазғы мектеп» бағдарламасын іске асыру мүмкіндіктерін талқылады.




2022 жылдың 26 сәуірінде Қостанай қаласы білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес № 19 жалпы білім беретін мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің қалалық озық тәжірибені іс жүзінде көрсету (ОТМ) мен шығармашылық тобының отырысы болып өтті.
Отырыстың ашылуында қалалық білім бөлімінің әдіскері Ж.Д.Жумагулова сөз алып,мұғалімдерді өз шеберліктерімен бөлісудің маңыздылығы,ерекшелігі,нәтижесі туралы толықтай мәліметтер берді.
Шығармашылық тобы отырысы барысында «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында ойын элементтерін қолдану арқылы функционалдық сауаттылықты арттыру» тақырыбында №17 жббм-нің қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімдері Н.К.Касимханова,П.Е.Нысамбаева,Ә.Ж.Жиренбай шеберлік сыныбын өткізді. Бұл отырыстың Ахмет Байтұрсынұлының шығармасы бойынша өткізілетінін айта келіп, «Танысу» тренингісін, «Әріптер сөйлейді» психологиялық ахуалын өткізді.Блоб ағашы арқылы бұтақтың бастапқы көрінісі жасалды.Негізгі бөлімінде П.Е.Нысамбаева «Түюлі орамал» ұлттық ойын элементін,Ә.Ж.Жиренбай «Бұрыштар» қимылды ойын элементін,Н.К.Касимханова «Wordwall» платформасында «Ұшақпен ұшу»,«Лабиринт» ойын элементтері арқылы қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында тиімді қолдануды тәжірибелік тұрғыда көрсетті.Қорытынды бөлімде әр ойын элементінің нәтижесі талқыланды. Нәтижесінде мәтінмен жұмыс жүргізу арқылы қойылған мақсатқа қол жеткізілді.Ойын элементтері ұтымды әрі тиімді қолданылды. Ойын элементтері арқылы тек пән оқытуда қызығушылықты арттырып қана қоймай, функционалдық сауаттылықты арттыруда қандай үлесін қосатынына көз жеткізілді. «Әріптер сөйлейді» рефлексия жүргізіліп,Блоб ағашымен қорытындыланды.
Сонымен қатар,№19 жббм-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің тәжірибелі мұғалімі А.Т.Кыдралина «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру» атты шеберлік сыныбында ОТМ тақырыбы бойынша практикалық жұмысын өткізді.
Отырыстың нәтижесінде мұғалімдер тақырып бойынша өз пікірлерін білдірді,түрлі тапсырмалар орындалды,өз сабақтарына қолдануға болатын көптеген тәжірибелермен бөлісті. (ҚББ әдіскері Ж.Д.Жумагулова)




2022 жылдың 25 сәуірінде № 17 ЖББМ базасында орыс тілінде оқытатын мектептерге арналған орыс тілі мен әдебиеті мұғалімінің шеберханасының отырысы өтті.
Шебер-сынып барысында И.А. Энна «4 к моделін қалыптастыру тәсілі ретінде сыни ойлауды дамыту» тақырыбы бойынша өз тәжірибесімен бөлісті.
Орыс филологиясының педагогтары осы коворкингке белсенді қатысып, қалалық деңгейде жұмыс тәжірибесін жүзеге асыруға өз ұсыныстарын енгізді.



2022 жылдың 26 сәуірінде № 7 ЖББМ базасында орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған «Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудің нәтижелілігін, тиімділігін арттыру тәсілі ретінде пайдалану» тақырыбында семинар өтті.
Директордың ҒӘЖ жөніндегі орынбасары Е.В. Альмеева орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің мектептегі әдістемелік бірлестігінің жұмысын таныстырып, педагогтарды «Мультемедиялық журналистика» атты арнайы курс бағдарламасымен таныстырды.
Жас мамандар И.Б. Сухвалко, Я.С. Чистякова сабақтарда АКТ қолдану бойынша жұмыс алгоритмін және әртүрлі платформалармен жұмыс жасауда Q код мүмкіндіктерін көрсетті.
5, 6, 9 сыныптарда ашық сабақтарды орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері Ю. А. Кульпина, Ю. А. Атоварова, А. М. Фатхудинова өткізді.
Сондай-ақ, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі В. С. Сатубалдина жұмыс тәжірибесінен бейнероликтер ұсынды.
Семинар соңында орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерімен «Идеялар қоржыны» рефлексиясы өткізілді.




2022 жылдың 25 сәуірінде С.Мауленов атындағы гимназия базасында мемлекеттік тілде оқытатын мектептерге арналған Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімінің шеберханасының отырысы өтті . Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі А. Б. Шымбергенова мұғалімдерге «Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында сыни ойлау элементтерін пайдалану» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді.
Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері (Я2) осы тақырып бойынша тапсырмаларды шешудің практикалық блогына кірді.


Қостанай қаласы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында "Абай оқулары" байқауынан алты номинация бойынша жүлдегер оқушыларымыз аймақтық байқауға жолдама алған болатын.Бүгін М.Хәкімжанова атындағы №20 жббм-де Қостанай аймақтық байқау өтті.
"Абай оқулары" байқауында
"Ұлылар әлемі" номинация бойынша С.Мәуленов атындағы гимназиясының оқушысы Аяулым Батыр жүлделі 1-орынды иеленіп республика деңгейінде өтетін байқауға жолдама алды.(Жетекші мұғалімі Алиман Муртазина)
"Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары” номинациясы бойынша №17 жббм-нің оқушысы Наргиз Кусаинова 2-орынды иеленді.(Жетекшісі мұғалімі Жансая Мұханбетқалиева)
"Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы" номинациясы бойынша №29 жббм-нің оқушысы Дидар Ерлібекқызы 2-орынды иеленді. (Жетекші мұғалімі Жанибек Утеулин)
"Көңілім әнді ұғады" номинациясы бойынша №10 жббм-нің оқушысы Нұрай Кудербекова 2-орынды иеленді.(Жетекші мұғалімі Айгуль Биримжанова)
"Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда" номинациясы бойынша М.Хәкімжанова атындағы №20 жббм-нің оқушысы Жансұлу Бейсен 2-орынды иеленді. (Ақмарал Маликова)
Қостанай аймағына қарасты қалалардың,аудандардың дарынды оқушылары арасында өткен дәстүрлі байқауда жүлделі орынға ие болған оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! Қазақтың бас ақыны Абай атамыз құрметіне дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын байқауға оқушысын жыл бойы сапалы дайындап додаға қосқан жетекші тіл мамандарының да еңбектері зор."Ұстаздан шәкірт озар" демекші, озық ойлы,талантты оқушыларымыз көп болғай.Шығармашылық толағай табыстар тілейміз! (ҚББ әдіскері Ж.Жумагулов)


2022 жылдың 22 сәуірінде №8 жалпы білім беретін мектебінің ағылшын тілі мұғалімі Рустем Жансая Амановна жұмысының өзекті педагогикалық тәжірибесінің «Бастауыш сынып оқушыларының ағылшын тілін үйренуге оқу мотивациясы» тақырыбында практикалық шебер-сынып өткізді.
Шебер-сынып барысында педагогтар тақырыпты талқылауға белсенді қатысты, тапсырмаларды әзірлеуге қатысты, бастауыш сынып оқушыларын ағылшын тілін үйренуге ынталандыруға және ынталандыруға бағытталған жұмыстың тиімді әдістерін пайдалану бойынша пікір алмасты.
Сабақтың практикалық бөлімінде Жансая Амановна сөйлеу әрекетінің төрт түрін дамытуға ықпал ететін оқытудың тиімді формаларын, белсенді әдістері мен тәсілдерін қолдануды көрсетті.


2022 жылдың 21 сәуірінде білім бөлімінің базасында химия мұғалімдерінің шығармашылық тобының кезекті отырысы өтті.
Топ отырысына білім бөлімінің биология және химия әдіскері Досанова Айжан Жұмағұлқызы және №2 мл, №20 ЖББМ, №16 ЖББМ, №115 ЖББМ, №17 ЖББМ, ЖЖМ, №15 ЖББМ химия пәні мұғалімдері қатысты.
Шығармашылық топтың отырысында мұғалімдер 10 сынып оқушыларына арналған «Термодинамикаға кіріспе» жинағын дайындау мәселелерін қарады.
Шығармашылық топ мүшелері жинаққа ұсынылған материалдардың таратылған тақырыптарын талқылап, түсіндірме жазбаның мазмұны мен жинақтың безендірілуін қарастырды.
Жинақ бойынша жұмысты 2022 жылдың тамыз айына дейін аяқтау шешілді.





